Тип файла
Тип файла
Тип файла
ВЫБРАТЬ КЛАСС / СЫНЫП
Вид объекта
Сфера деятельности
Марка автомобиля
Настройки поиска


Педагогический портал / СРЕДНЕЕ ОБРАЗОВАНИЕ / Начальная школа / ТЖБ Қазақ тілі пәнінен 2-сынып. 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
ТЖБ Қазақ тілі пәнінен  2-сынып. 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым

1. Берілген тақырып пен тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрастырып айт.

Тақырып: Спорт – денсаулық кепілі

Тірек сөздер: әр адам, спортпен шұғылдану, мықты денсаулық, шыдамдылық, жаттығу жасау, ойындар, денені шынықтыру, үйірмеге қатысу, пайдалы, көтеріңкі көңіл күй, ұзақ өмір, спорттың барлық түрі, футбол, күрес, денсаулық кепілі.
4балл
Оқылым
1. Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Асар жасау - қазақ халқының көне салт-дәстүрлерінің бірі. Бұл – көпшіліктің көмегін пайдалану дәстүрі. Бұл салт бойынша ауыр жұмыстарды атқару үшін адамдар бір-бірін көмекке шақырады. Мысалы: үй салу, той жасау, ас беру т.б. Асарға келгендер еңбегі үшін ақы алмайды. Үй иесі оларға арнап ас әзірлеп, дастарқан жаяды.
Асар – адамдардың арасындағы өзара көмектің бір түрі. Ол халқымыздың бірлігін, қайырымдылығы мен ұйымшылдығын танытады.

1) Асар деген не? Белгіле ().

қонаққа шақыру өзара көмек еңбегіне ақы алу

2) Асар туралы жалған ақпаратты анықта.

А) көмекке шақырады
В) еңбекақы төленеді
С) тегін көмек беріледі
D) үй иесі ас дайындайды

3) Мәтіннің мазмұны бойынша бір сұрақ құрастырып жаз.
______________________________________________________________________

4) Мәтіндегі қарамен берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздер (антоним) тауып жаз.
_________________________________________________________________ 5балл Жазылым
1. Мәтінді мұқият тыңда. Берілген жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын жаз.
Саматтың добы
Әкесі Саматқа доп сатып әперді. Оның қуанышында шек болмады. Самат добын құшақтап далаға шықты. Ойнап жүрген балалар қасына келді. Допқа қызыға қарады.
Самат допты ортаға тастады. Балалар екіге бөлініп, футбол ойнауға кірісіп кетті. Самат доп қуғандарға қосылып, көңілденіп жүгіре жөнелді.
Балаларға ойын қызықты болды.
Скачать ТЖБ Қазақ тілі пәнінен 2-сынып. 3-тоқсанға
Для того, что бы получить доступ к файлам, вам необходимо Войти или Зарегистрироваться

Войти на портал с помощью социальных сетей

Вконтакте Google @ Mail.ru Яндекс

  • 834
  • 1
  • 15-03-2021
+128
Комментарии (1)
Написать
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
!!!!Класс, супер

өте жақсы , маған ұнады
11 посетителей на сайте. Из них:
Пользователи1
Гости6
Роботы4
Список пользователей
Асель Ивакина Сейчас на сайте