Педагогическая копилка

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 11 сынып 2 тоқсан «Тәуелсіз еліміздің өткені мен келешегі»

Жиынтық бағалау «Тәуелсіз еліміздің өткені мен келешегі»

Қазақ тілі мен әдебиеті 11 сынып 2 тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 11 сынып 2 тоқсан «Тәуелсіз еліміздің өткені мен келешегі»

«Тәуелсіз еліміздің өткені мен келешегі», «Ұлттық театр – өнер ордасы» бөлімдері 
бойынша жиынтық бағалау 
Сөйлеу әрекетінің түрлері 
Оқу мақсаты 
Бағалау критерийі 
Ойлау дағдыларының  
деңгейі 
Орындау уақыты 
Тапсырма 
Оқылым 
Жазылым 
11.3.1.1 
11.4.1.1 
мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен 
көзқарасты, астарлы ойды анықтау, берілген 
ақпараттың оқырманға әсерін және автор 
позициясын талқылау  
ғылыми және публицистикалық стильдің 
жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай 
тілдік құралдарды орынды қолданып, баспасөз 
парағын жазу 
Білім алушы 
 Мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, 
астарлы ойды анықтайды, ақпараттың оқырманға әсерін 
автор позициясын талдап түсіндіреді 
 Публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік 
ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолданып, 
баспасөз парағын жазады 
Жоғары деңгей дағдылары 
15-20 минут 
Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз. 
Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүниежүзінің 180-нен астам мемлекеті 
таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шетелдерде 
40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Нұр
Сұлтан қалаларында 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және 
ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді. Қазақстан өзінің сыртқы 
саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста 
Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен 
Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы 
шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Ресей мен Қазақстан арасында 
ынтымақтастықтың одан әрі дамуында 1998 ж. 6 шілдеде Мәскеуде қол қойылған мәңгілік 
достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі 
мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр ғарыш 
айлағын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. 2000 ж. 25 қаңтарында Қазақстанның 
бірінші президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің кездесуі болды. 2003 
жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы ретінде мемлекеттік 
деңгейде аталып өтті. 2004 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 7 млрд. 
долларға жетті.  
Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мемлекет – Қытай Халық 
Республикасымен тату көршілік және достық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол 
жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, 
сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие 
болды. Ең бастысы, шекараны нақтылау аяқталды. Қытаймен арадағы шекараны айқындап 
белгілеу Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қосымша кепілдіктер берілгенін білдірді. 
Соңғы жылдары ҚХР басшыларымен өзара кездесу, келіссөздер жүргізу біздің елдің 
сыртқы саясатындағы тұрақты құбылысқа айналды. Қазақстанның сыртқы саясатында

Открыть полную версию