Педагогическая копилка

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып 1-тоқсан «Отандық өнеркәсіп өнімі»

Жиынтық бағалау «Отандық өнеркәсіп өнімі»

Қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып 

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып 1-тоқсан «Отандық өнеркәсіп өнімі»

«Отандық өнеркәсіп өнімі», «Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті» 
Оқу мақсаты 
Бағалау критерийі 
Ойлау 
дағдыларының 
деңгейі 
Орындау уақыты 
Тапсырма 
10.4.4.1 Тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр 
тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді 
жинақтап ұсыну (тірек-схема, менталды карта, 
презентация) 
10.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік- 
қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы 
өмірмен салыстырып бағалау 
Білім алушы 
 Мәтінге жоспар құрып, негізгі және қосымша 
ақпараттар бойынша тірек-схема, менталды карта, 
презентация дайындайды 
 Көтерілген мәселені анықтап, кейіпкерлер әрекетін 
шынайы өмірмен салыстырып, баға береді 
Жоғары деңгей дағдылары 
25 минут 
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 
«Рахат» акционерлік қоғамы – 70 жылдық дара тарихы бар, Қазақстандағы 
кондитерлік өнім өндіретін ірі өндіріс орындарының бірі. Кондитерлік өнімдер алғаш рет 
1942 жылы шығарыла бастады. Фабриканың күнделікті өндірістік қуаты тәулігіне 250 
тонна өнім шығарады. Кәсіпорын 10 цех пен бір қосалқы цехтен тұрады. 
«Рахат» АҚ-да 3500-ге тарта адам жұмыс істейді. Өндірістік қуат Алматы және 
Шымкент қалаларындағы екі алаңда шоғырланған. Өндірістің жан-жақтылық сипаты, оның 
ауқымы мен какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша дербес желінің болуы компания 
үшін отандық өндірушілер арасында кондитерлік өнімдердің кең сұрыпталымын иеленуге 
мүмкіндік береді. Бүгінде «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 10 түрлі топқа жататын 
алуан түрлі кондитерлік өнімнің 250-ден аса атауымен толыққан.  
«Рахат» АҚ – сусамыр (диабет) ауруынан зардап шегетін адамдарға арнап арнайы 
өнім шығаруды игерген Қазақстандағы бірден-бір кәсіпорын. Бұл сұрыпталымға 
қуаттылығы төмен әрі қантты тең дәрежеде табиғи шикізатпен ауыстыру арқылы 
шығарылған шоколад, кәмпит, печенье және вафлидің бірнеше атауы кіреді. 
«Рахат» АҚ-ның қазақстандық басқа кондитерлік өнім өндірушілерден өзгешелігі – 
алуан түрлілігімен айрықша шоколад өнімдерін шығаруда басымдық танытуы. Кәсіпорында 
бірыңғай жауапкершілік пен сапаны бақылаудың кешенді жүйесіне негізделген ішкі 
сапалық жүйе ұйымдастырылып, іске асырылуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында 
шикізат пен өнім сапасын бақылайды. Қазіргі кезде «РАХАТ» АҚ өнімі Ресей, Өзбекстан, 
Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Германия, Қытай, Ауғанстан секілді елдерге 
экспортталады. Компания келешекте өндіріс көлемін ұлғайтуды және экспорт көлемін

Открыть полную версию