Педагогическая копилка

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 8 сынып 4 тоқсан «Мәңгілік елдің нұрлы жолы!»

Жиынтық бағалау бөлімі «Мәңгілік елдің нұрлы жолы!»

Қазақ тілі мен әдебиеті 8 сынып 4 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып оқушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 8-сыныптың «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 8- сыныпта жиынтық бағалау барлық оқу тоқсандарда (1,2,3,4) өткізіледі. Бөлім, ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған тапсырмалар, бағалау критерийлері мен дескрипторлар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 8 сынып 4 тоқсан «Мәңгілік елдің нұрлы жолы!»

Бөлім «Мәңгілік елдің нұрлы жолы!»  
Оқу мақсаты 
8.1.4.1  Орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық 
шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын 
талдау 
Бағалау критерийі 
Ойлау дағдыларының           
деңгейі                                                                       
Орындау уақыты                  
Тапсырма 
8.2.2.1 Түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып, 
көңіл күйді білдіруде  ұлттық сөз әдебі  мен сөйлеу этикеті 
формаларын қолдана білу 
Білім алушы 
• Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды 
• Мәтіндердегі ақпараттар мен  ұлттық сөз әдебі және  
сөйлеу этикеті формаларын ауызша мәтін құрауда 
қолданады 
Қолдану 
15-20 минут 
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.  
Қалың жұртым, қазағым, мақтан бүгін, 
Жан сырыңды жайып сап ақтар бүгін. 
Мерейі үстем мерекең болсын құтты,  
Сан ғасырлар жоғалтып тапқан бүгін.  
Көңілге ыстық, көзге нұр атың қандай, 
Адамзатты аялап шақырғандай,  
«2030» атты болашағың 
Келе жатыр  қол бұлғап батырлардай.  
Тұлғасы бол, қазағым, бар биіктің,  
Ән шырқасын әр күнің жаңғырып тым.  
Иегері бола бер, Қазақстан,  
Таңдандырар өзін де мәңгіліктің!   
1. Мазмұны негізінде өлеңге тақырып қойыңыз. 
2. Өлеңнің идеясын анықтап, 1 сөйлеммен жазыңыз. 
3. Өлеңдегі ақпараттарды және адамның түрлі көңіл күйін білдіретін сөздерді қолдана 
отырып, «Тәуелсіз елдің ұланымын!» тақырыбында өз ойыңызды білдіріңіз. 

Открыть полную версию