ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 4-тоқсан
4-тоқсанның жиынтық бағалау «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» 7 сынып
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес).
Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауды қажет ететін сұрақтар
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент – тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған
ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 4-тоқсан
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Жастықтың оты қайдасың?
«Менің туған өлкем» электрондық энциклопедиясы
Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары
Батыр туса – ел ырысы
Тыңдалым
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Жастықтың оты, қайдасың, Жүректі түртіп қозғамай? Ғылымның біліп пайдасын, Дүниенің көркін болжамай?
Адамның тауып айласын, Кісілікті ойламай. Қаруын көңіл сайласын, Қолға ол түспес бойламай.
Махаббат, қызық кім көрер, Оның да дәмін татпаса? Біржола басты кім берер, Жаныңа қайғы батпаса.
|
Аямай жанын дос ерер, Жолдастықты ақтаса. Алдыңа айдап кім келер, Ерінбей жүріп бақпаса.
Мал бақпақтық шаруа боп, Адал тауып асықпай. Құр айғаймен әуре боп, Өнердің жайын баса ұқпай.
Ендi ненi iстеймiз, Бәрiнен де бос қалдық? «Ауызға келiп түс» деймiз, Қылып жүрiп құр салдық! Абай Құнанбаев
|
1. Өлеңнің тақырыбын анықтаңыз.
a) табиғат құбылыстары
b) жастар тәрбиесі
c) саясат мәселесі
d) ғашықтық
[1]
2. Өлеңнің негізгі идеясы қандай?
a) өз Отанының елдігін, ерлігін мадақтау
b) табиғаттың көрінісін сүйсіне жырлау
c) ауыл адамдарының тұрмысын сипаттау
d) білім алуға шақыру
[1]
3. Өлең жолын жалғастырыңыз. Жастықтың оты, қайдасың,
a) Жүректі түртіп қозғамай?
b) Дүниенің көркін болжамай?
c) Оның да дәмін татпаса?
d) Бәрiнен де бос қалдық?
[1]
4. Берілген сөздерді олардың өлеңдегі баламаларымен сәйкестендіріңіз.
Сөздер |
Өлеңдегі баламасы |
Сәйкестендіру жауабы |
1) қулық |
a) қайғы |
1) |
2) мұң |
b) айла |
2) |
[2]