Педагогическая копилка

ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 2-тоқсан

2-тоқсанның жиынтық бағалау «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» 7 сынып

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді. 

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес).

Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауды қажет ететін сұрақтар
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент – тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған

ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 2-тоқсан

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


 

Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы


Туған өлке публицистика беттерінде


Спорт және денсаулық күтімі


Ұқсатым. Сән. Талғам


 

Тыңдалым


Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


 

Спорт - денсаулық кепілі


Әрбір адам спортпен айналысу керек. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды және көңіл күйі көтеріңкі болады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін мектеп бағдарламасына да  енгізілген.


Біздің отбасымызда да анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды қалайды. Мен күнде таңертең ерте тұрып, «Балапан» телеарнасымен бірге түрлі жаттығулар жасаймын. Аптасына үш рет «каратэ» спорттық секциясына барамын. Өзіммен қатар құрдастарымды спортпен айналысуға шақырамын. Денсаулық - зор байлық. Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі, тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу.


(118 сөз)


1. Сөйлемді аяқтаңыз. «Спорт дегеніміз – ...»


a)    зор байлық 


b)   мықты денсаулық


c)    денсаулық кепілі


d)   денсаулыққа байланысты


[1]


 

2. Спорт түрлерін анықтаңыз.


a)    хоккей, шаңғы тебу, көңіл күйі     


b)   хоккей, телеарна, суда жүзу       


c)    еңбек, шаңғы тебу, суда жүзу       


d)   хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу       


[1]


 

3. Дұрыс ақпаратты белгілеңіз.


a)  Аптасына үш рет «самбо» спорттық секциясына барамын.


b)Аптасына үш рет «каратэ» спорттық секциясына барамын.


c)  Аптасына үш рет «дзюдо» спорт үйірмесіне барамын.           


d)Аптасына екі рет «каратэ» спорттық секциясына барамын.     


[1]


 

4. Мағынасына қарай мәліметтер мен сөздерді сәйкестендіріңіз.


 

a)      Мен күнде таңертең телеарнасымен бірге түрлі жаттығулар жасаймын.


 

төрт


b)      Денсаулық мықты болу үшін мынандай шартты бұлжытпай орындау керек.


 

«Балалапан»


 

 

 

 

[2]


Открыть полную версию