БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 2-тоқсан «Туған өлке публицистика беттерінде»
Жиынтық бағалау бөлімі «Туған өлке публицистика беттерінде»
Қазақ тілі мен әдебиеті 7 сынып 2 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып оқушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 7-сыныптың «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 7- сыныпта жиынтық бағалау барлық оқу тоқсандарда (1,2,3,4) өткізіледі. Бөлім, ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған тапсырмалар, бағалау критерийлері мен дескрипторлар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 2-тоқсан «Туған өлке публицистика беттерінде»
Бөлім «Туған өлке публицистика беттерінде», «Спорт және денсаулық күтімі», «Ұқсатым. Сән. Талғам.»
Оқу мақсаты |
7.3.1.1 Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсіну, қолдана білу 7.4.5.1 Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер); 7.5.2.1 Жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру
|
||||||||
Бағалау критерийі |
Білім алушы
· Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты тиімді қолданады · Күрделі сөздерді дұрыс жазады · Оқшау сөздердің тыныс белгілерін орынды қолданады · Ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастырады |
||||||||
Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма Берілген диаграммадағы ақпаратты қолданып, әңгіме құрастырыңыз.
2-тапсырма Берілген күрделі сөздерді дұрыс жазып, түрлерін ажыратыңыз.
Кербез сұлу, ағайын туысқан, бүгін, ТМД, қараторы, ұл қыз, бел-беу, киім кешек, см, таң ертең, ҚазМҰУ, пед-колледж, қолөнер, Ақан сері, күнде күнде, құлақ-салды, білезік, ауыл-аймақ, нұрлы жол, АҚШ.
3-тапсырма Сөйлемдерден оқшау сөздерді тауып, тыныс белгілерін қойыңыз.
- Тыңда дала Жамбылды. - Алақай келгенің жақсы болды. - Пай-пай Нұржан-ай тіліңіз қандай ащы! - Сапарың құтты болсын қарағым! - Менің ойымша бұл дұрыс шешім.
4-тапсырма Берілген жай сөйлемдермен ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастырыңыз.
A. Далада жел соғып тұр. Сiркiреп жаңбыр жауып тұр. B. Ән басылып қалды. Гитара сазы тоқталған жоқ еді. C. Сабақ бізге ұнағаны соншалық. Уақыт өткенін білмей қалыппыз.
5-тапсырма Салалас құрмалас сөйлем түрлерін қолданып, «Қазіргі сән туралы менің ойым» тақырыбында эссе жазыңыз. Күрделі сөз түрлері мен оқшау сөздерді дұрыс жазыңыз. |