БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 1-тоқсан «Уақыт – ұлы күш»
Жиынтық бағалау бөлімі «Уақыт – ұлы күш»
Қазақ тілі мен әдебиеті 7 сынып 1 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып оқушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 7-сыныптың «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 7- сыныпта жиынтық бағалау барлық оқу тоқсандарда (1,2,3,4) өткізіледі. Бөлім, ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған тапсырмалар, бағалау критерийлері мен дескрипторлар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 1-тоқсан «Уақыт – ұлы күш»
Бөлім «Уақыт – ұлы күш», «Жердегі климаттық өзгерістер»
Оқу мақсаты |
7.3.2.1 ресми-іскерлік (ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау 7.4.4.1. Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну 7.5.1.2 Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану
|
Бағалау критерийі |
Білім алушы
· Мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасайды · Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды, презентация жасайды · Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда қолданады |
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма |
|
Ұсыныс түрінде берілген мәтінді түсініп оқып, тілдік ерекшелігін анықтаңыз, талдау жасаңыз.
Бос уақытта қандай іспен айналысса болады? Көпшілік бос уақытын қалай өткізуді білмей, кейде «Менің мүлдем бос уақытым жоқ» дейді. «Немен айналысуға болады?» деген сұраққа психологтер: «Өзіңізге ұнайтын ермек іс (хобби) тауып алыңыз», - деп кеңес береді. Олар тек уақытты пайдалы өткізуге ғана емес, денсаулыққа да оң әсерін тигізеді. Олай болса, бос уақытта қандай іспен айналысса болады? · Қолөнер. Көңілсіздіктен арылтатын іс – тоқыма тоқу. Тоқыма тоқыған кезде өзіңізді жайлы әрі жеңіл сезінесіз. Сондай-ақ, кесте тігу, сурет салу, экибана жасау, бисер тоқу, т.с.с. қолөнермен айналысуға болады. · Гүл өсіру. Жер үйде тұратын көп адамдар бос уақытын бау-бақшада өткізеді. Ал көп қабатты үйде балконда шағын бау-бақша жасауға болады. Кішкентай гүл ыдыстарына қалаған үй өсімдіктерін егіп, оны күтіп-баптауға кірісіңіз. · Коллекция жинау. Өзіңізге қызықты дүниелерді жинастырыңыз. Олар: әдеби кітаптар, күйтабақтар, базарлықтар, пошта маркалары, ыдыс-аяқтар, жұмсақ ойыншықтар, т.б. · Үй жануарын асыраңыз. Олар: аквариумдағы балықтар, мысықтар, кішкентай иттер, тасбақа т.б. Үй жануарыңызға күтім көрсетіңіз. · Блог жүргізіңіз. Ғаламтор беттеріндегі ақпараттық-танымдық порталдарға тіркеліп, блог жүргізіңіз. Өзіңіздің басыңыздан өткен қызықты оқиғаларды, ойларыңызды жазып, өзгелердің пікірін оқыңыз. Әртүрлі форумдарда өзгелермен өз ойыңызбен бөлісіңіз. · Спортпен шұғылданыңыз. Фитнесс-клубтары мен спорт залдарына барып, би, жүзу, йога, аэробикаға жазылыңыз. Достарыңызбен жиылып, спорт алаңына барып, бадминтон, волейбол, баскетбол ойнаңыз. Шеңбер айналдырып, жаттығулар жасаңыз.
2-тапсырма Д.Дефоның «Робинзон Крузо» шығармасы бойынша мәліметтерді жинақтап, «Робинзонның 1 күні» тақырыбында презентация жасаңыз. Шырай түрлерін (салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы) қолданыңыз.
|