БЖБ Қазақ тілі Т2 6 сынып 4 тоқсан «Қазақ ұлттық қолөнері»
«Қазақ ұлттық қолөнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Қазақ тілі Т2 5 сынып 4 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сыныптың «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Қазақ тілі Т2 6 сынып 4 тоқсан «Қазақ ұлттық қолөнері»
Бөлім «Қазақ ұлттық қолөнері», «Саяхат және туризм»
Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Бағалау критерийі
Орындау уақыты
Тапсырма
6.3.6.1 - тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана
отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен
байланыстыру
6.4.2.1 - эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір
абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу
Жоғары деңгей дағдылары
• Негізгі мәселені өмірмен байланыстыруда тақырыпқа
қатысты сөздерді қолданады
• Тақырыпқа қатысты құрылымы сақталған эссе жазады
15-20 минут
Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Тілші: - Шиелілік қыз-келіншектер соңғы кездері жоғалып бара жатқан киіз басу өнерін қайта
жаңғыртып, жүннен қолөнер бұйымдарын жасай бастады. Қолдан жасалған бағалы
бұйымдар ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесінде туристер назарына ұсынылмақ.
Шетелдік қонақтарды қызықтыратын да осы қолдан жасалған қолөнер бұйымдары.
Әсіресе, ұлттық нақышта дайындалған кәдесыйларға деген сұраныс жоғары.
Айжан Бекқұлова, Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы: - Әрине, тек сыйлық ретінде ғана емес, сондай-ақ тұрмысқа қажетті текемет, қамзол,
көйлек, етік, қолғаптардың да сан түрін жасауға болады. Қазір қолдан жасалған
экологиялық таза заттарға сұраныс жоғары. Сондықтан да біз Қызылордада туризм
саласын дамытуға жұмыс жасап жатырмыз. Әуелі қыз-келіншектерді оқытып, үйретіп
алмақпыз. Сонан соң дайын өнімдерді көрмеге қою, сайттарға шығару, сату
жұмыстарымен айналысамыз. Маған тренингке қатысып жатқан қыздардың белсенділігі
өте ұнады. Барлығының да қызығушылықтары мол, ерекше ынта-жігермен іске кірісіп
кетеді. Қазақы дәстүрді жалғастырып, жүннен қолөнер бұйымдарын жасау – өте маңызды
кәсіп.
1. Мәтін мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастырыңыз.
Сұрақтар
1.
2.
2. Мәтіндегі негізгі мәселені анықтаңыз.
____________________________________________________________
3. «Ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың тиімді жолдары қандай?» деген тақырыпта эссе
жазыңыз.