БЖБ Қазақ тілі Т2 6 сынып 4 тоқсан «Абайды оқы, таңырқа»
«Абайды оқы, таңырқа» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Қазақ тілі Т2 5 сынып 4 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сыныптың «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Қазақ тілі Т2 6 сынып 4 тоқсан «Абайды оқы, таңырқа»
Бөлім «Абайды оқы, таңырқа!», «Өлкені сипаттау өнері»
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Тапсырма
Тыңдалым
Айтылым
6.1.5.1. Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы
негізгі ойды анықтау
6.2.6.1. Тірек
сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі
бойынша әңгіме құрастыру
• Негізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы
арқылы анықтайды
• Тірек сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгіме құрастырады
Қолдану
15-20 минут
Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көгорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда.
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап,
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Абай «Жаз»
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Сабадан қымыз құйдырып,
Ортасына қойдырып
Жасы үлкендер бір бөлек
Әзілдесіп сылқылдап.
Көлеңке қылып басына,
Кілем төсеп астына,
Салтанатты байлардың
Самаурыны бұрқылдап.
Мылтық атқан, құс салған.
Жас бозбала бір бөлек
Су жағалап қутыңдап.
1. Мәтіннен жаз мезгілінің сипатын білдіретін 3 тірек сөзді жылқының аяқтарына жазыңыз.
Өлеңдегі негізгі ойды жылқының денесіне жазыңыз.