Педагогическая копилка

БЖБ Қазақ тілі Т2 6 сынып 2 тоқсан «Астана – мәдениет пен өнер ордасы»

«Астана – мәдениет пен өнер ордасы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Қазақ тілі Т2 5 сынып 2 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сыныптың  «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген. 


БЖБ  Қазақ тілі Т2 6 сынып 2 тоқсан «Астана – мәдениет пен өнер ордасы»

Бөлім «Астана – мәдениет пен өнер ордасы», «Қуат көзін үнемдей білеміз бе?»  
Сөйлеу әрекетінің түрлері 
Оқу мақсаты 
Бағалау критерийі 
Ойлау дағдыларының  
деңгейі 
Орындау уақыты 
Тапсырма 
Тыңдалым 
Айтылым 
6.1.3.1 Тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты 
жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну 
6.2.6.1. Тірек  сөздерге сүйеніп,  сюжетті суреттердің желісі 
бойынша  әңгіме құрастыру 
• Тақырыпқа қатысты сөздер мен тірек сөздердің 
мағынасын ашады 
• Тірек  сөздерді қолданып, сюжетті суреттерге  әңгіме 
құрастырады 
Қолдану 
15-20 минут 
1. Мәтінді тыңдаңыз. Сөйлем  мазмұнына сай көп нүктенің орнына берілген сөздер мен 
сөз тіркестерін қойыңыз (аумағымен, шымылдығын, сән-салтанатымен). 
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының 
Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2010-2013 жылдары 
салынды. Театрдың салтанатты ашылуында Елбасы: «Зауыттар мен жолдар салатын ел, 
берік тірегін болашақ жылдар бойына орнатады. Мектептер мен аурухана салатын ел, ұлт 
болашағының ондаған жылдар бойғы қамын жейді. Театр тұрғызатын ел ғасырлар арқылы 
болашағына көз тігеді», – деген еді. 
Есілдің сол жағалауында орналасқан «Астана Опера» театры асқақ сән-салтанатымен 
көз тартады. Ғимараттың жалпы ауданы 64 мың шаршы метр. Оның 3000 шаршы метрін 
сахна аумағы алып жатыр. «Астана Опера» өзінің көлемімен ғана емес, сонымен қатар, 
әсем сәулетімен де таң қалдырады. Әлемдік сәулет өнерінің ең үздік классикалық 
дәстүрлері ескеріле салынған театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын байқалады. 
Театрдың Үлкен залы 1250 орынға есептелген, ал Камералық зал 250 адамға арналған. 
Техникалық мүмкіндіктері бойынша «Астана Опера» көптеген әлемдік театрлардан асып 
түседі десек артық айтқандық емес. 
2013 жылдың 21 маусымында театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы 
туындысы – Абзал Мұхитдиновтың жаңа музыкалық редакциясындағы «Біржан – Сара» 
операсымен салтанатты түрде ашты.  
(а) Сол  жақ жағалауда тұрғызылған «Астана Опера» театры ерекше  ............................... 
көркем. 
(b) «Астана Опера» өзінің ....................... қатар, көркем сәулетімен де таңдай қаққызады. 
(с) «Біржан – Сара» операсы салтанатты түрде театрдың .............................. ашты.

Открыть полную версию