Педагогическая копилка

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті, 5-сынып 2-тоқсан «Ежелгі көшпелілер мәдениеті»

«Ежелгі көшпелілер мәдениеті» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т1» 5 сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына ««Қазақ тілі мен әдебиеті»(оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі мен әдебиеті»(оқыту қазақ тілінде емес)пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың  мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.


БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті, 5-сынып 2-тоқсан «Ежелгі көшпелілер мәдениеті»

Оқу мақсаты

5.2.1.1 Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың  синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу

5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау

 

Бағалау критерийі

 

 

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Жаңа сөздерді антоним, омоним, синонимдерімен қатар қолданады, ойын жеткізеді

  • Негізгі мазмұнды, нақты ақпараттарды анықтайды

 

Қолдану

 

 

Орындау уақыты

 

15-20 минут

 

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Нақты ақпараттарды анықтаңыз, төменде берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып айтыңыз. Ақпараттарды ойыңызды жеткізуде қолданыңыз.

 

Адамдар ерте кезден сауда жасаған. Уақыт өте ел мен елді, қалалар мен халықтарды бір-бірімен байланыстыратын сауда жолдары пайда болды. Осылайша Еуропа мен Азияда Ұлы Жібек жолы Чжан Цянбының саяхаты нәтижесінде ашылды. «Ұлы Жібек жолы» деген атауды 1877 жылы неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен берді.

Ұлы Жібек жолының бір тармағы – Египет пен Вавилонда, Иранда өте қымбат бағаланатын, әдемі көк тас лазурит тасымалдаған — «лазурит жолы» деп аталған. Екінші тармағы – Қытайдағы императорлар мен ақсүйектерге әшекейлер жасау үшін әдемі нефрит тасын тасымалдайтын — «нефрит жолы» болған. Ал үшінші «бұлғын жолымен» қымбат бағалы терілер тасылған.

Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Жолдың бойында Испиджаб, Тараз, Алматы, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ қалалары бой көтерді.

 

бұрыннан    _________________________

бағалы       _________________________

жеткізген  _________________________

салынды     _________________________

 

 

 

 

 

 

 

Открыть полную версию