СОЧ Казахский язык 2 класс за 3 четверть c ответами
Суммативное оценивание за 3 четверть «Казахский язык» 2 класс
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
«Қазақ тілі» пәні бойынша (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1-4 сыныптар).
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Казахский язык 2 класс СОЧ за 3 четверть
«Қазақ тілі» пәнінен
3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
(оқыту қазақ тілінде емес )
Тыңдалым
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Менің атым– Нұрбек. Мен спортпен айналысамын. Күнде таңертең жүгіремін.
Жаттығу жасаймын.
Әкем маған бокс қолғабын сыйлады. Мен қазір бокс үйірмесіне барып жүрмін.
Мен өскенде боксшы болғым келеді. Боксшылар– мықты спортшылар. Мықты
спортшы болу үшін дұрыс тамақтану керек. Спортпен айналысу керек.
Спорт- денсаулыққа пайдалы.
Сөйлемдердің ретін анықта және нөмірле (1,2,3).
Сөйлемдер
Нұрбек боксшы болғысы келеді.
Әкесі бокс қолғабын сыйлады.
Нұрбек бокс үйірмесіне барады