10 кл «Теңге – Тәуелсіз Қазақстанның жетістігі» Алтынай жұмыстары
Сынып сағаты
Күні
Сынып жетекші
Сынып: 10 кл
Тәрбие сағатының тақырыбы
Тәрбие сағатының мақсаты:
Қауіпсіздік сабағының
тақырыбы
Қауіпсіздік сабағының мақсаты
Құндылықтарды дарыту
Апта дәйексөзі
№10
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Теңге тәуелсіз Қазақстанның жетістігі
Оқушыларға ұлттық валюта — теңге туралы түсінік беру,
оның тарихы мен маңызын ұғындыру;
Балаларды еңбекқорлыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу;
Табиғаттағы және су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелерін
түсіндіру;
Әділдік пен жауапкершілік қасиеттерін дамыту
«ЖАҒЫМСЫЗ ЭМОЦИЯЛАР МЕН СӨЗДЕРГЕ ҚАЛАЙ
ӘРЕКЕТ ЕТЕМІЗ?»
басқалардың жағымсыз сөздеріне жауап берудің әртүрлі
әдістерін үйрету.
Әділдік және жауапкершілік айы
Жауапкершілік адамды адам етеді
Сабақтың барысы:
Кезеңі
I. Кіріспе
бөлім (10
мин)
Мұғалім әрекеті
– Сабақты жылы амандасудан және жағымды
атмосфера орнатудан бастайды.
– «Қайырлы күн, достар! Бүгінгі сабағымыз
жауапкершілік пен тәуелсіздік құндылығына
арналады. Бір-бірімізге жақсы көңіл күй
сыйлайық!» деп мотивациялық сөз айтады.
– Сыныппен бірге ұран тастайды: «Біз
жауапкершіліктіміз! Біз – адал ұрпақпыз!»
– Оқушылардың қызығушылығын арттыру
мақсатында интерактивті тапсырма ұсынады:
«Құпияны тап!» ойыны.
– Сынып бөлмесінің әр жеріне жасырылған
кішкентай қағаз «теңге суреттерін» табу қажет
екенін айтады. Әр оқушы тапқан «теңгені»
тақтадағы қорапқа салып, барлығы жиналған
соң, мұғалім сұрақ қояды:
«Бұл теңгелер нені білдіреді? Неліктен біз
оларды іздедік?»
– Оқушылардың жауаптары арқылы сабақтың
тақырыбы анықталады: «Теңге – тәуелсіз
Қазақстанның жетістігі».
– Мұғалім кіріспе әңгіме жүргізеді: «Ұлттық
валюта – кез келген елдің тәуелсіздігінің
белгісі. Теңге – біздің елдің мақтанышы,
экономикалық тұрақтылықтың нышаны.
Оқушы әрекеті
– Ұранды хормен
қайталап айтады. –
Ізденіс ойынына
қатысып, жасырылған
теңгелерді табады. –
Сұрақтарға өз бетінше
жауап береді, пікір
білдіреді. – Сабақтың
тақырыбы мен мақсатын
анықтайды.
Ресурстар
Қағаз
теңгелер,
бейнеролик
«Теңгенің
тарихы»,
плакат