7 кл «Теңге – Тәуелсіз Қазақстанның жетістігі» Алтынай жұмыстары
Сынып сағаты
Күні
Сынып жетекші
Сынып: 7 кл
Тәрбие сағатының тақырыбы
Тәрбие сағатының мақсаты:
Қауіпсіздік сабағының
тақырыбы
Қауіпсіздік сабағының мақсаты
Құндылықтарды дарыту
Апта дәйексөзі
№10
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Теңге тәуелсіз Қазақстанның жетістігі
Оқушыларға ұлттық валюта — теңге туралы түсінік беру,
оның тарихы мен маңызын ұғындыру;
Балаларды еңбекқорлыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу;
Табиғаттағы және су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелерін
түсіндіру;
Әділдік пен жауапкершілік қасиеттерін дамыту
БІЗДІҢ ҚҰҚЫҒЫМЫЗ БЕН МІНДЕТТЕРІМІЗ: БІРГЕ
ҮЙРЕНЕМІЗ
Балаларға олардың құқықтары мен міндеттерін және оларды
қалай ұстану жолдарын түсіндіру.
Әділдік және жауапкершілік айы
Жауапкершілік адамды адам етеді
Сабақтың барысы:
Кезеңі
I. Кіріспе
бөлім (10
мин)
Мұғалім әрекеті
– Оқушыларды жылы жүзбен сәлемдеседі.
Психологиялық жағымды ахуал орнату
мақсатында:
«Бүгінгі сабағымыз көңілді, білімді,
жауапкершілікті болсын!» деп ұран
тастайды.
– Балалардың назарын сабаққа аударып, «Біз
жауапкершіліктіміз!» деген ұранды бәрі
бірге хормен айтуын ұйымдастырады.
– Кішкентай ойын элементі арқылы сабақ
тақырыбын табуға жетелейді: «Бір теңгені
тап!» атты шағын квест ұйымдастырады. Ол
үшін сынып ішіне түрлі жерлерге алдын ала
қағаздан жасалған «теңге суреттерін»
жасырып қояды.
– Әр оқушы тапқан теңгесін тақтадағы
себетке салып, мұғалім: «Неліктен біз
теңгені іздедік деп ойлайсыңдар?» – деп
сұрақ қояды.
– Осылайша, балалардың жауабы арқылы
сабақтың тақырыбы анықталады: «Теңге –
тәуелсіз Қазақстанның жетістігі».
– Мұғалім қысқаша кіріспе сөз айтады:
«Біздің елдің тәуелсіздігінің маңызды белгісі
– өз ұлттық валютамыздың болуы. Ендеше,
Оқушы әрекеті
Мұғаліммен бірге
шеңбер құрып, жылы
тілектер айтады.
– Ұранды бәрі бірге
қайталайды: «Біз
жауапкершіліктіміз!»
деп дауыстап айтады.
– «Бір теңгені тап!»
квест ойынына
белсенді қатысып,
сынып ішінен
жасырып қойған қағаз
теңгелерді іздейді.
– Табылған теңгелерді
себетке жинап,
табыстарын қуана
бөліседі.
– Мұғалімнің
сұрақтарына