Педагогическая копилка

ҮЙДЕ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелді. РҚАО-ның ескертпесі! Бұйрықтың басын V13008424_3 қараңыз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 491-қосымша Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6 сыныптары үшін "Математика" пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы Ескерту. Оқу бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.09.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6 сыныптары үшін "Математика" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген. 2. "Математика" пәнін оқудың негізгі мақсаты: білім алушыларда сандық, кеңістіктік, уақытқа байланысты және геометриялық түсініктерді қолжетімді түрде қалыптастыру. 3. "Математика" пәнін оқытудың негізгі міндеттері: 1) Бағдарламаның "Сандар", "Алгебра", "Геометрия", "Статистика және ықтималдылық теориясы", "Математикалық үлгілеу және талдау" бөлімдері бойынша математикалық білім мен дағдыны қалыптастыру мен дамытуға ықпал ету; 2) білім алушының сөйлеу тілін дамыту, оны математикалық терминологиямен байыту, негізгі математикалық заңдар мен математикалық тілдің қолданылуына ықпал ету, әртүрлі контекстердегі тапсырмаларды шешу үшін сандық қатынастар мен кеңістіктік формаларды зерттеу;
Открыть полную версию