пояснительная записка худ труд 5 9 кл
5-9 сыныптарға арналған «Көркем еңбек» пәнінің
оқу бағдарламасының ерекшеліктері бойынша
ТҮСІНІК ХАТ
Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399
бұйрығына 66-қосымша
1. Оқу бағдарламасы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту
министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес
әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031
болып тіркелген).
Бастауыш және негізгі мектептің мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектептегі
«Бейнелеу өнері» мен «Еңбекке баулу» және негізгі мектептегі «Технология» пәндерінің
мазмұны негізінде әзірленген кіріктірілген жаңа «Көркем еңбек» пәні енгізіледі.
Пәннің оқу бағдарламасы келесі тараулардан тұрады:
1) Жалпы ережелер – бағдарлама мазмұнын жүзеге асырудың мақсаты, міндеттері, негізгі
әдіснамалық және әдістемелік қырлары туралы ақпарат қарастырылған;
2) Оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру – оқу жүктемесінің көлемі туралы ақпарат
берілген, пән бойынша тақырыптардың мазмұны енгізілген;
3) Оқыту мақсаттарының жүйесі – бөлім бойынша әр сыныпқа бөлінген оқытудың
күтілетін нәтижелері (оқытудың мақсаты);
4) Ұзақ мерзімді жоспарлар – оқу жылы бойы бағдарлама бөлімдерін оқыту реттілігін
анықтайды. Сағат саны бөлінуін, сонымен қатар тоқсанда оқытылатын тақырыптардың
реттілігін мұғалімнің қалауы бойынша өзгертуге болады. Ұзақ мерзімді жоспар
күнтізбелік-тақырыптық жоспарлаудың негізі болып табылады.
Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқыту оқушылардың өнер мен технология
саласындағы функционалды сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған, пәндік білім мен
түсініктерін, тұлғалық, практикалық, көркемдік