1 Приказ Адал азамат Біртұтас тәрбие
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ»
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
БҰЙРЫҚ
26.05.2025 ж. № 123
____________________
Астана қаласы
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«МИНИСТЕРСТВО ПРОСВЕЩЕНИЯ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»
ПРИКАЗ
№ __________________
город Астана
«Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің
2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 14 наурыздағы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай отырысында
берілген тапсырмалар хаттамасының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығына мынадай
өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын
бекіту туралы»;
бұйрықтың 1, 2 және 3-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім беру ұйымдарындағы «Адал
азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие
бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыс жоспары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және
қосымша білім беру департаменті (Е.Б. Қалмақов):
1) осы бұйрықты облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының
білім басқармаларының, республикалық орта білім беру ұйымдарының назарына
жеткізсін;
2) «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын 2024-2025 оқу жылынан
бастап республикалық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру
ұйымдарына енгізуді бастасын;
3) «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын республикалық мектепке
дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында іске асыруды
қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім
басқармаларының басшылары: