Педагогическая копилка

194 бұйрық

Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын бекіту туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024жылғы 30 маусымдағы № 194 бұйрығы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысындағытапсырмасына сәйкес 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес Біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұны жаңартылды. Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады. Үштаған – бір-бірінен бастау алатын және өзара тығыз байланысты ұғымдар, ел ішінде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етуді саясатымыздың тұғырлы қағидатына айналдыратын мықты демократиялық институттары мен дамыған құқықтық жүйесі бар әділетті мемлекетті құрудың шарты және еліміздің жаңғыруы мен әрі қарай дамуының стратегиялық бағдарын айқындайды. Бұл «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының басты идеясына айналды. Мазмұны ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын: тәуелсіздік және отаншылдық бірлік және ынтымақ әділдік және жауапкершілік заң және тәртіп еңбекқорлық және кәсіби біліктілік жасампаздық және жаңашылдық құндылықтарға негізделген. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы елімізді жаңартатын «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу» ұстанымына негізделеді. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ: қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру. Бағдарламаны іске асыру құндылыққа бағдарланған және құзыреттілік тәсілдемелеріне негізделеді. Олар оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың өзара үйлесімді бірлігін қамтамасыз етеді. Бұл білім алушылардың бойындағы құзыреттер жиынтығын құрайды және бі
Открыть полную версию