18 бұйрық сыны жетекші
Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту
туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12
қаңтардағы № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2016 жылы 15 ақпанда № 13067 болып тіркелді.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы
ереженің 15-тармағының 57) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 №
98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған орта білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілігі
туралы ереже бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті
(Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа
басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми
жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық
актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат
орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорнына" жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткеннен кейін
он күн ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында
көзделген
шаралардың
орындалуы
туралы
мәліметті
Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне беруді
қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.