Тип файла
Тип файла
ВЫБРАТЬ КЛАСС / СЫНЫП
Вид объекта
Сфера деятельности
Марка автомобиля
Настройки поиска


ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ПОРТАЛ / НОВОСТИ / Аймағамбетов: – Телеарналар арқылы сабақ өткізу – ауылдық білім беру мекемелері үшін өзекті


File engine/modules/userbox.php is in the folder, which is available to write (CHMOD 777). For security purposes the connection files from these folders is impossible. Change the permissions on the folder that it had no rights to the write. Написать автору
Все материалы
Әлемге алаң туғызған жағдайға байланысты, еліміздегі орта білім беретін #мектептер 6 сәуірден бастап, толықтай басқа форматқа, яғни, қашықтан оқыту форматына көшетіні белгілі. #Білім және ғылым министрі Асхат #Аймағамбетов өзінің #facebook парақшасында  білім беру жүйесі үшін қашықтан оқыту форматына көшу – үлкен сынақ екенін жазды.
Аймағамбетов: – Телеарналар арқылы сабақ өткізу – ауылдық білім беру мекемелері үшін өзекті
– ЮНЕСКО-ның ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда 107 мемлекетте орта білім беретін мектептер толық жабылған. Бұл – 861 миллион оқушы білім алуын тоқтатты деген сөз. Бұған қоса 12 елдің кейбір қалаларында орта білім беру ошақтары жұмыс істемейді. Осыған байланысты бірқатар мемлекеттің алдында осы үдеріс салдарын азайту және үздіксіз білім беруді қамтамсыз ету үшін мүмкіндік жасау міндеті тұр. Отандық білім беру жүйесі үшін де қашықтан оқыту форматына көшу – үлкен сынақ, деді ведомство басшысы.
Сонымен қатар, министр қашықтан оқыту жүйесіне көшу оңай емес екенін, алайда, елімізде орта білім беру жүйесіне қатысты ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын, қазірдің өзінде ол өзінің нәтижесін бере бастағанын жеткізді.
Бұл орайда, Білім және ғылым министрі бірнеше бағыттағы жұмыстардың қолға алынғанына тоқталған.  Олар  тапсырмаларды беруді, олардың орындалуын тексеруді, бағалауды және кері байланысты қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді енгізуді, білім алушылардың бейне-сабақтарға қатысып, тапсырмалар алып, қажет болған жағдайда педагогтердің өз сыныбымен онлайн-талқылау, бағалау бойынша немесе бейне-стриминг сервистерін пайдалана алуын қамтамасыз ететін жүйелерді іске қосуды  қарастырмақ.
Сондай-ақ, Асхат Аймағамбетов кейбір ауылдық білім беру ұйымдарының, оқушылардың интернетке қолжетімділік бойынша кедергілерге тап болуы мүмкін екенін, сондықтан, оқушыларға телеарналар арқылы сабақ өткізу қарастырылып жатқанын жазды.
– Телеарналар арқылы сабақ өткізуге дайындалудамыз. Онда бейне-сабақтар сабақ кестесіне сай көрсетілетін болады. Бұл тетік, әсіресе, интернет қуаты әлсіз және қажетті құрал-жабдықтарға қатысты қиындықтары бар ауылдық білім беру ұйымдары үшін өзекті. Біз үшін барлық сабақ орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай оқу бағдарламасы бойынша, сабақ кестесіне сәйкес, цифрлық білім беру ресурстары бойынша әдістемелік қолдаумен және мультимедиалық материалдармен қамтамасыз етіліп, ұстаздар үшін алдын ала әзірленген жоспар бойынша жүргізілгені маңызды. Бастысы, білім алу тетігі сапаға әсер етпеуі қажет, деді бұл орайда ол.
Facebook-тегі жазбасында министр білім беру жүйесі аясындағы жұмыстардың қарқынды түрде жүргізіліп жатқанын, оқушылармен, студенттермен, ата-аналармен және педагогтермен бірлесе отырып, қашықтан оқытудың сапалы жүйесін құруға деген сенімнің зор екенін атап өткен.
– Қарқынды жұмыс жүргізілуде. Кейде әртүрлі тәсілдер мен шешімдерді қабылдауды қажет етеді. Біз 5 сәуірге дейін ақпараттық жүйелерді дайындап үлгеруіміз керек. Оларды тиісті контентпен қамтамасыз етіп, сынап көруіміз қажет. Сондай-ақ, 6 сәуірден бастап қажет болған жағдайда жаңа форматта сабақ алуға бейімдеуге тиіспіз, деді министр өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында.
Скачать Аймағамбетов: – Телеарналар арқылы сабақ өткізу –
Для того, что бы получить доступ к файлам, вам необходимо Войти или Зарегистрироваться

Войти на портал с помощью социальных сетей

Google

  • 24-03-2020
0
Комментарии (0)
Написать
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.