Название сайта

БЖБ 11-сынып Биология, 3-тоқсан ЖМБ жауаптар «Жасушалық биология»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Жасушалық биология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Биология 11-сынып 3-тоқсан 

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 11-сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың Тапсырмаы мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар Тапсырма ұсынылған. Сондайақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар Тапсырма ұсыныс түрінде берілген

БЖБ 11-сынып Биология, 3-тоқсан ЖМБ жауаптар «Жасушалық биология»

«Жасушалық биология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 11.4.2.1 Микрофотография қолданып жасушалардың негізгі
компоненттерін анықтау және сипаттау
11.4.2.2 Жасушалардың нақты мөлшерін анықтау
Бағалау критерийі
 Микрофотография қолданып жасушалардың негізгі
компоненттерін анықтау және сипаттау
 Жасушалардың нақты мөлшерін анықтау
Ойлау дағдысы деңгейі Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 мин
1. Микроскоп арқылы микропрепараттардың нақты көлемін анықтау үшін объект
микрометр мен окуляр микрометрді сәйкестендіреді. (колибровка).
Төменде бір бөлігінің өлшемі 0,1 мм болатын объект микрометрдің окуляр микрометрге
қатысы көрсетілген.
Объект микрометр мен окуляр микрометрді сәйкестендіріп,
объект микрометрдің бір бөлігіне қанша окуляр микрометр
бөлігі сәйкес келетінін есептеңіз.
Есептеуіңізді көрсетіңіз.Өлшем бірлігін анықтаңыз
....................................................................................... [2]
(іі) Микроскопқа объект микрометрдің орнына өсімдік
жасушасының препараты қойылды.
Жасушаның көлемін өлшеңіз.
Есептеуіңізді көрсетіңіз.
 Жауабы………………… [2]
2. Төменде электрондық микроскоп арқылы жасалған органоид суреті берілген