ТЖБ 11-сынып Қазақстан тарихы 2-тоқсан жауаптар
Қазақстан тарихы 11 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.«Қазақстан тарихы» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (11 сыныптар)
КТБ -көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ –қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
Тест тапсырмаларынан білім алушыұсынылған жауап нұсқаларыныңдұрыс бір жауабын таңдайды.
Білім алушықысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
ТЖБ 11-сынып Қазақстан тарихы 2-тоқсан жауаптар
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Қазақстан тарихы» пәнінен ІI тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1.Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісіне қатысы бар ұғымдардың мағынасын
түсіндіріңіз.
Ұғымдар мағынасы
«аграрлық саясат»
«көші-қон саясаты»
«моноэтностыққұрам»
халықтар
депортациясы
«интернационализм»
[5]
2. Дереккөздерді пайдалана отырып, Қазақстанда халықтың этникалық құрамының өзгеру
кезеңдерін зерттеңіз
А дереккөзі.
Қазақстанда 1954–1960 жылдары 25,5 млн. га тың және тыңайған жерлер жыртылды, соның
17 млн. Қостанай, Целиноград, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Көкшетау облыстарының
аумағында болды. Игеру науқанына еліміздің басқа аймақтарынан еріктілер ағыла бастады. 1954
жылы 17 наурыздағы мәлімет бойынша Ақмола облысына – 3705, Көкшетау облысына – 1363,
Қостанай облысына – 4877, Павлодар облысына – 1431, Солтүстік Қазақстан облысына – 2666
адам келді. 1954 жылы мамыр айында Қазақстанға 130 мыңнан астам адам, 1954-1955 жылдары
барлығы 360 мың механизаторлар, құрылысшылар және т. б. мамандар, инженерлі-техникалық
жұмысшылар жіберілді, ал 1954–1960 жылдары 640 мың- нан астам, оның жартысын комсомол
жолдамаларымен келген жастар құрады.
дерек: https://e-history.kz/kz/publications/view/3153 © e-history.kz
В дереккөзі.
«Депортацияланған гректер республикаға сегіз жыл бойы жеткізіліп тұрды. 1941 жылы
неміс контингентімен қоса алғанда Қазақстанда 15-20 севастопольдік гректер тұрды. 1942 жыл
«краснодарлық жыл» болды. Сәуірден қазанға дейін созылған кампания нәтижесінде
республикаға төрт мыңға жуық грек көшірілді. 1944 жылы Қазақстан «ереуілдеп»
депортацияланғандарды қабылдаудан бас тартты. Дегенмен де 1240 грек Гурьев облысына
қоныстандырылды. 1949 жылы Қазақстандағы грек контингенті Грузия, Әзірбайжан, Кубань мен
Украинадан көшірілген 37 мың грекпен толыға түсті. 1950 жылға қарай Қазақстандағы 820 165
қоныс аударылғандардың ішінде 43-44 мыңы гректер болды. Олар республикадағы барлық
арнайы қоныс аударылғандардың 5% жуығын құрады».
«Спецэшелоны идут на Восток» Гректен шыққан орыс тарихшысы Иван Джуха
С дереккөзі.
Соғыс тарихында тылда еңбек ету үшін зорлық-зомбылық көрсетіліп, халықты әдейілеп
қоныс аудару, еңбек армиясына еріксіз еңбек ету және басқа да айла тәсілдер қолданылды.
Бұл еріксіз еңбек армиясын ұйымдастыру тәжірибесі, елімізде индустриаландыру науқаны
басталар кезден бастау алды. Қоныстанушылар топ-тобымен, белгіленген топ бойынша да үкімет
адамдарының қатаң бақылауымен келіп жатты. Соғыс кезінде қара жұмыстарға ең алдымен жер
аударылғандармен бірге 16 жастан жоғары сенімсіз, соғысқа жіберілмейтін азаматтар, әйелдер,
қарттар т.б. жіберілген еді. Оларды ХКІІ қызметкерлерінің бақылауымен құрылыс жұмысшы
күші колонналары деп атады. Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан территориясында 11 лагерь
жұмыс істеген. Осы лагерлерде тек қана «отанын сатқандар» ретінде 1946 жылы 0618 адам
қамалса, ал 1947 жылы 13 035 адам жазаға тартылған. Сол сияқты 1948 жылы 17 171 адам
ұсталып, 1949 жылы 12 091 адам тұтқындалған. Тұтқындардың күшімен аса ір