Педагогическая копилка

ТЖБ 11-сынып Қазақстан тарихы 1-тоқсан жауаптар

Қазақстан тарихы 11 сынып 1-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.«Қазақстан тарихы» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (11 сыныптар)

Тапсырма түрлері:
КТБ -көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ –қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖтолық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 11 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырмаларынан білім алушыұсынылған жауап нұсқаларыныңдұрыс бір жауабын таңдайды.
Білім алушықысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет.
Білім алушының Қазақстан тарихылық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ 11-сынып Қазақстан тарихы 1-тоқсан жауаптар

«Қазақстан тарихы» пәнінен І тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1.Ұсынылған өлшемдер бойынша шаруашылық қызмет түрлерін салыстырып, кестені
толтырыңыз.
Критерийлері Көшпелі мал шаруашылығы Егіншілік
«Тіршілікті қамтамасыз ету
жүйесі»
«Қоныстану жүйесі»
«Экожүйе»
[6]
2. ХХ ғасырдағы Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.
Дәстүрлі (аграрлы) экономика Жоспарлы (социалистік) экономика
Артықшылығы
Кемшілігі
Қорытынды ой
[5]
3. Дереккөзді пайдаланып, Ежелгі Отырар қаласының дамуындағы Ұлы Жібек жолының
рөлін көрсетіңіз.
Жібек жолын зерттеудің әрі маңызды, әрі сирек олжасы – Отырардан табылған күміс ақша
мен заттар көмбесі. Көмбедегі тиындардың жиыны таңғаларлық. Ол жерде Шығыс
Түркістан қалалары – Алмалық, Пулад, Эмиль (Еміл), Орда әл-Азамның; еуропалық
Қырымның; малайзиялық Сива, Кони, Тебриздің; қазақстандық Жент қалаларының
ақшалары жинақталған. Ақшалардың соғылған уақыты XIII ғасырдың 40–60 жылдары.
Заттардың ішінен, әсіресе, күмістен жасалған ұйғыр жазуы бар құрама белдік жапсырмалар,
ортаазиялық бұрама білезіктер, поволжиялық өрме білезіктер, Кіші Азия қалалары
шеберханаларының бірінде жасалған белдік айылбастар – теңдесі жоқ жәдігерлер.
Дереккөз: «Құм жұтқан қалалар: Отырар қалашығы» Әйгерім Бегімбет, 2017ж.
Ұлы Жібек жолының Отырардың дамуына әсері туралы 2 аргумент келтіріңіз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
«Ұлы Жібек жолының Отырар қаласының жойылуына әсері болды» деген пікірге қатысты
өз ойыңызды жазыңыз. Дәлел келтіріңіз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[4]
4. Көшпелі және отырықшы халықтың өзара байланыстарын анықтаңыз.
Көшпелілер отырықшы халықтарға қарағанда өздерінің шаруашылығының бір жақты
және бір салалы болуына байланысты сауданың дамуына мүдделі болды...
Көшпелілер үшін әртараптандырылған экономикасы негізінде қосымша өнім өндіру
қиынға соғатын. Отырықшы қоғаммен сауда жасау барысында көшпелілер үшін тек
егіншілік өнімдері ғана емес, сонымен қатар, қолөнер бұйымдары да қызығушылық
тудыратын. Бұл бұйымдарды өздері жасауға талпыныс жасағанына қарамастан
көшпелілер өз қоғамының арасында қолөнер өнімдерінің сапалы әрі қажетті көлемде
өндіруді іске қоса алмады.
Хазанов А. М. Кочевники и внешний мир. Изд. 3-е, доп. А.: Дайк-Пресс, 2002. — 6

Открыть полную версию