Название сайта

БЖБ 11-сынып Дүниежүзі тарихы, 1-тоқсан ҚГБ жауаптар «Өркениет: даму ерекшеліктері»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Дүниежүзі тарихы» 11-сынып 1-тоқсан (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, йымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ 11-сынып Дүниежүзі тарихы, 1-тоқсан ҚГБ жауаптар «Өркениет: даму ерекшеліктері»

«Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Экономика және экономикалық жүйелердің типтері.
Экономиканың аралас түрі. Мемлекеттердің экономикалық
дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға
төтеп берудің тарихи мысалдары.
Оқу мақсаты 11.1.1.1 Мемлекеттердің экономикалық даму
ерекшеліктерін талдау үшін «экономика» және
«экономикалық жүйе» ұғымдарын қолдану
11.1.1.7 Экономиканың аралас түріне тән белгілерді
анықтай отырып, оған көшудің себептерін зерттеу
11.1.2.3 Қазіргі заман тарихында шектеуші табиғигеографиялық факторлар жағдайындағы мемлекеттердің
сәтті экономикалық дамуының мысалдарын тұжырымдау
Бағалау критерийі Білім алушы
 «Экономика» және «экономикалық жүйе»
ұғымдарын мемлекеттердің экономикалық даму
ерекшеліктерін талдау үшін пайдаланады
 Экономиканың аралас түріне тән белгілерді
анықтап, оған көшудің себептеріне зерттеу жүргізеді
 Елдердің дамуына табиғи-географиялық
факторлардың әсерін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Ұғымдардың анықтамасын беріңіз және мысалдар келтіріңіз.
Экономика дегеніміз ...
Экономикалық жүйе дегеніміз ...
Экономикалық жүйеге мыналар жатады (мысалдар) ...
2. Аралас экономикаға тән белгілер мен ерекшеліктерін анықтаңыз, сұрақтарға
жауап беріңіз.
Аралас экономикалық жүйе
Сипаты (ерекшелігі)
Мысал (елдер)
Артықшылығы
Кемшілігі