Название сайта

ТЖБ 11-сынып География 4-тоқсан (КГБ) жауаптар

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

География 11 сынып 4-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.«География» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 11 сынып

Тапсырма түрлері:
КТБ -көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ –қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖтолық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 11 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырмаларынан білім алушыұсынылған жауап нұсқаларыныңдұрыс бір жауабын таңдайды.
Білім алушықысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет.
Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ 11-сынып География 4-тоқсан (КГБ) жауаптар

Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«География» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Қазақстан орналасқан тарихи географиялық аймақта орналасқанын жазыңыз
[1]
2. Елтанушылық ақпараттарды қандай маман иелері және қай салаларда пайдаланады.
[2]
3. Қазақстан дүниежүзінің картасында Орта Азияда орналасқан. Географиялық орнының
ерекшелігіне байланысты басқа қандай аймақтарға жатқызуға болады.
(a) Географиялық орналасу ерекшелігі
[1]
(b) Тарихи ерекшеліктері
[1]
(c) Әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігі
[1]
(d) Шаруашылық ерекшелігі
[1]
4. Ғаламдық проблемаларды шешу жөнінде әлем елдері мен ұйымдардың бірлесіп жасап
жатқан жұмыстарын, тәжірибесін талдаңыз.
(a) Ормандарды жойылудан сақтау
[1]
(b) Озон тесігі мен ауаның ластануын азайту
[1]
(c) Азық-түлік дағдарысы мен аштық мәселесін шешу
[2]
5. Дүниежүзі елдерінің сауаттылық картасы 2017 жыл. Қазақстан сауаттылық деңгейі
бойынша дүниежүзі елдер арасында 31 орында.