Название сайта

БЖБ 11-сынып География, 3-тоқсан (ҚГБ) жауаптар «Геосаясат»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Геосаясат»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 11-сынып 3-тоқсан (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Әдістемелік ұсыныстар 11-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 11-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ 11-сынып География, 3-тоқсан (ҚГБ) жауаптар «Геосаясат»

5. «Геосаясат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 11.5.1.3
11.5.1.4
Қазақстан Республикасының геосаяси қауіпсіздігіне әсер
ететін факторларды анықтау
Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігін күшейту жөнінде
ұсыныстарды әзірлеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қазақстан Республикасының геосаяси қауіпсіздігіне әсер ететін
факторларды сипаттайды
 Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігін күшейту жөнінде
ұсыныстарды келтіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Геосаяси қауіпсіздік - бұл халықаралық қарым-қатынастағы елдің ұлттық мүдделерін қорғау.
Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігіне ықпалын тигізетін негізгі факторлар:
1) әскери
2) саяси
3) экономикалық
4) технологиялық
5) экологиялық
6) әлеуметтік
7) ақпараттық қауіпсіздік
8) этникалық қауіпсіздік қатерлері
а) Қазақстан Республикасының геосаяси қауіпсіздігіне әсер ететін факторлардан кез-келген төртеуіне
сипаттама беріңіз.
№ Факторлар Сипаттамасы
1
2
3
4
2. Ақпараттық қауіпсіздік факторы негізінде Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігін күшейтуге 3 ұсыныс
айтыңыз
[3]