ТЖБ 11-сынып География 2-тоқсан (КГБ) жауаптар
География 11 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.«География» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 11 сынып
КТБ -көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ –қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
Тест тапсырмаларынан білім алушыұсынылған жауап нұсқаларыныңдұрыс бір жауабын таңдайды.
Білім алушықысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
ТЖБ 11-сынып География 2-тоқсан (КГБ) жауаптар
Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«География» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1.Мәтінді оқыңыз.
Топырақтың табиғи және антропогенді ластануы болады. Табиғи ластану биосферадағы
табиғи процестердің нәтижесінде – топыраққа атмосферадан, литосферадан, гидросферадан
әр түрлі химиялық заттардың түсуі арқылы, мысалы, тау жыныстарының желмен ұшуы
немесе жаңбыр мен қар сулары арқылы жүреді. Табиғи экожүйе мен адам денсаулығына ең
үлкен зиянды топырақтың антропогенді ластануы әкеледі. Негізгі ластаушылар қатарына
пецтицидтер, тыңайтқыштар, ауыр металдар, канцерогендер әсерлері құрамында хлор,
фтор,форсфор сияқты элементтері бар тағы басқа өндірітік заттар жатады. Адам организміне
түсетін зиянды заттардың 70% - ы тамақ өнімдеріндегі пецтицидтер мен тыңайтқыштардың
нәтижесінде болады.
Топыраққа қауіпті ластаушылардың бірі сынап пен онын қосылыстары жатады. Сынап
қоршаған ортаға улы химикаттармен, металдық сынап және оның қосылыстары бар
өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен түсуде.
Топырақ үшін қауіпті ластаушылардың тағы бірі — қорғасын. Бір тонна қорғасын
балқытқан кезде қалдықтармен бірге қоршаған ортаға 25 кг қорғасын бөлінеді. Жоғарыда
айтылғандай, қорғасын қосылыстары бензиннің құрамында да кездеседі Сондықтан
автокөліктер қорғасынмен ластаудың көзі болып табылады . Әсіресе қорғасынның мөлшері
автокөліктер көп жүретін үлкен көшелер бойындағы топырақ құрамында көп болады.
Қара және түсті металлургия орталықтарының төңірегіндегі топырақтар темірмен, мыспен,
мырышпен, марганецпен, никелмен, алюминимен және басқа да металдармен ластанған.
Көптеген жерлерде олардың концентрациясы шекті мөлшерден ондаған есе асып түседі.
(a)Топырақты негізгі ластаушы көздерін анықтаңыз.
[2]
(b)Адам денсаулығына топырақ ластануының әсер түсіндіріңіз.
[1]
(c)Автокөліктерден шығатын қалдықтардың топыраққа әсерін түсіндіріңіз.
[1]
2. Қоршаған табиғи ортаны бақылау кезінде мониторинг жүргізу арқылы сапасы
анықталады. Қоршаған ортаның мониторинг жүргізілетін элементтерін сәйкестендіріңіз.
1 қоршаған ортаның жеке
компоненттері мониторингі
A жануарлар дүниесі
2 биологиялық мониторинг B топырақ, су, ауа,
өсімдіктер
[2]
3. Қоршаған ортаның ластануы физикалық (электромагнитті, радиоактивті, сәулелі,
жарықты, жылулы) химиялық (мұнай, ауыр металдар және олардың тұздары мен тотықтары)
және биологиялық (микробты, бактериялық, вирусты) деп қарастырылады.
Кестедегі ластану түрлерінің адам өміріне әсерін түсіндіріңіз.
физикалық химиялық биологиялық
[3]