Название сайта

БЖБ 11-сынып Химия 4-тоқсан КГБ жауаптар «Жасанды және синтетикалық полимерлер. Химия адам өмірінде»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Жасанды және синтетикалық полимерлер. Химия адам өмірінде»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Химия» 11-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 11-сынып «Химия» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 11-сыныпта жиынтық бағалау 1,1,3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

БЖБ 11-сынып Химия 4-тоқсан КГБ жауаптар «Жасанды және синтетикалық полимерлер. Химия адам өмірінде»

11.4 B «Жасанды және синтетикалық полимерлер. Химия адам өмірінде» бөлімі
бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 11.4.2.59
11.4.2.60
11.4.1.3
11.4.2.62
11.5.1.23
Полимеризация мен поликонденсация реакцияларының
теңдеулерін құру
Кейбір полимерлер мен пластмассалардың қолдану
аясын және қасиеттерін атау
«Парниктік эффект» пен озон қабатынының бұзылу
мәселелері арасындағы айырмашылықты түсіндіру
Қазақстанда өндірілетін полимерлердің түрлерін білу
Дәрумендер мен гормондардың адам ағзасындағы
функциясын сипаттау
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Полимеризация мен поликонденсация реакцияларының
теңдеулерін құрады
 Кейбір полимерлер мен пластмассалардың қолдану аясын
және қасиеттерін атайды
 «Парниктік эффект» пен озон қабатынының бұзылу
мәселелері арасындағы айырмашылықты түсіндіреді
 Қазақстанда өндірілетін полимерлердің түрлерін көрсетеді
 Дәрумендер мен гормондардың адам ағзасындағы
функциясын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. (a) Мономерлерден полимер алу реакцияның екі типіне негізделген: полимерлену
реакциясы және поликонденсация реакциясы. Кестедегі мономерден полимер алу
реакциясын анықтаңыз және полимердің құрылымдық буынын жазыңыз.
Мономер Полимерлену
реакциясы
Поликонденсация
реакциясы
Полимердің
құрылымдық буыны