Название сайта

ТЖБ 11-сынып Химия 4-тоқсан (ЖМБ) жауаптар

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Химия» 11 сынып 4-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Химия» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (11-11 сыныптар)

Тапсырма түрлері:
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын11тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
Оқушыныңматематикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ 11-сынып Химия 4-тоқсан (ЖМБ) жауаптар

«Химия» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі
1. Тотығу дәрежелері ауыспалы болып келетін металдардың қатарын көрсетіңіз.
A. K, Na, Mg, Ba
B. Zn, V, Ni, Ca
C. Cr, Mn, Cu, Co
D. Sc, Ni, Fe, Li
[1]
2. Нанобөлшектерді кеңінен қолданатын салаларды атаңыз.
[1]
3. (a) Ауыспалы металдар химиялық элементтердің периодтық жүйесінде d -
блогында орналасқан. Хром металдардың ішінде ең қаттысы, Моос шкаласы
бойынша қаттылығы 8,5 тең.
(i) Хром атомының электронды -графикалық формуласын жазыңыз
[1]
(ii) Хром бөлме температурасында концентрлі азот және күкірт
қышқылдарында пассивтенеді. Себебі неде?
[1]
(iii)2000ºC кезінде ауада жанады. Жану реакция теңдеуін құрыңыз
[1]
(b) Өнеркәсіпте хром алюминотермия әдісі бойынша алынады. Егер реакцияға 30,4
г хром (III) оксиді түскен болса, реакция нәтижесінде қанша хром алынады?
[5]
4. Гальванопластика және гальваностегия процестері өте маңызды процестер. Бұл
процестер ұқсас болғанымен бір бірінен айырмашылығы бар. Осы процестердің
айырмашылығын жазыңыз.
(a) Гальваностегия
[1]