Название сайта

БЖБ 11-сынып Химия 4-тоқсан ЖМБ жауаптар «Металдар өндірісі» 

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Металдар өндірісі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Химия» 11-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 11-сынып «Химия» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 11-сыныпта жиынтық бағалау 1,1,3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

БЖБ 11-сынып Химия 4-тоқсан ЖМБ жауаптар «Металдар өндірісі» 

11.4А «Металдар өндірісі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлім «Металдар өндірісі»
Оқу мақсаты 11.2.3.1
11.2.3.3
11.2.3.4
11.2.3.5
11.2.3.9
Металдарды алудың маңызды әдістерін талдау:
гидрометаллургия, пирометаллургия,
электрометаллургия және олардың
артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау
Шойын және болатты алу әдістерін және
қасиеттерін сипаттау
Металдарды электролизбен алу әдісін түсіндіру;
Гальваностегия, гальванопластика процестерін
ажырату
Металлургия өнеркәсібінің экологиялық
проблемаларын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Металдарды алудың маңызды әдістеріне талдау жасап
және олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін
сипаттайды
 Шойын және болат алу әдістері мен қасиеттерін
сипаттайды
 Электролиз әдісі арқылы металдарды алу әдісін
түсіндіреді
 Галваностегия мен гальванопластика әдістерін бірбірінен ажыратады
 Металлургия өнеркәсібінен туындайтын экологиялық
проблемаларды айқындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. (a)Металлургия өндірісі үш топқа бөлінеді: пирометаллургия, гидрометаллургия,
электрометаллургия. Әрбір әдісте жүзеге асатын реакция теңдеуін жазып және
әдістердің артықшылығы мен кемшілігін көрсетіңіз:
(b)Металдар өндірісінде тотықсыздандырғыштар қолданылады.
(i) Электрон ұғымы тұрғысынан тотықсыздандырғыштың қызметін
түсіндіріңіз:
(ii) Темір өндіруде қолданылатын тотықсыздандырғыштыанықтаңыз. Темір
(ІІІ) оксидінен тотықсыздандырғыш арқылы темір алудың тотығутотықсыздану реакция теңдеуін жазыңыз.
Тотықсыздандырғыш ______________________________________________
Реакция теңдеуі____________________________