Педагогическая копилка

ТЖБ 11-сынып Физика 4-тоқсан (КГБ) жауаптар

«Физика» 11 сынып 4-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Физика» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (10-11 сыныптар)

Тапсырма түрлері:
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын10тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
Оқушыныңматематикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ 11-сынып Физика 4-тоқсан (КГБ) жауаптар

Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Герцшпрунг-Рассел диаграммасының басты тізбегінде жұлдыздардың қай типі
көрсетілген?
A. өмірінің соңындағы жұлдыздар
B. негізінен көміртегін жағатын жұлдыздар
C. негізінен сутегін жағатын жұлдыздар
D. массасы ең үлкен жұлдыздар
[1]
2. Біздің Күн G класының жұлдызы болып табылады. Бетінің температурасы ең жоғары
болатын жұлдыздар қандай спектрлік класқа жатады?
A. F класына
B. K класына
C. M класына
D. O класына
[1]
3. Суретте Герцшпрунг-Расселл диаграммасының кескіні көрсетілген. «Ақ ергежейлілер»
диаграмманың қай бөлігінде көрсетілген? Күннің орналасқан орнын анықтаңыз және Күн
деп жазып қойыңыз
[2]
4. А. Жұлдыздар эволюциясын сипаттауда ақ ергежейлілер деген нені білдіреді
[1]
В. Парсек терминіне анықтама беріңіз.
[2]
С. Антарес – қызыл алып және ол түнгі аспандағы ең жарық жұлдыздардың бірі. Оның
параллаксты 0,0059 бұрыштық секундқа тең.
Антарестің бізден қашықтығын жарық жылымен анықтаңыз. 1 пк = 3,26 жж
[3]

Открыть полную версию