ТЖБ 11-сынып Физика 3-тоқсан (КГБ) жауаптар
«Физика» 11 сынып 3-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Физика» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (10-11 сыныптар)
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын10тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
ТЖБ 11-сынып Физика 3-тоқсан (КГБ) жауаптар
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Физика» пәнінен 3-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Адам денесіне келіп түскен инфрақызыл сәуленің қандай әсері болады?
A. терінің қызаруын туғызады
B. теріні қыздырады
C. теріге келген сәулені толық шағылдырады
D. жұмсақ тері арқылы өтіп кетеді
[1]
2. Төмендегі электромагниттік толқындарды жиіліктің өсу ретімен орналастырыңыз.
ультракүлгін
рентген сәулелері
инфрақызыл
микротолқын
радиотолқын
гамма сәулесі
[2]
3. Ақ жарық салқын газ арқылы өткенде оның спектрінде қара жолақтар пайда болады.
A. не себепті спектрде белгілі бір толқын ұзындықтарында қара жолақтар пайда болатынын
түсіндіріңіз
[3]
B. газ атомдарындағы электронның энергетикалық деңгейлері туралы нені білдіреді?
[1]
4. Компьютерлік томография мен МРТ-ның ұқсастығы мен МРТ-ның артықшылығын
көрсетіңіз.
Ұқсастығы ............................................................................................................................
Артықшылығы ......................................................................................................................
[2]
5. А. Суретте қандай фотоэлемент кескінделген?
[1]