Педагогическая копилка

ТЖБ 11-сынып Физика 1-тоқсан (КГБ) жауаптар

«Физика» 11 сынып 1-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Физика» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (10-11 сыныптар)

Тапсырма түрлері:
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын10тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
Оқушыныңматематикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ 11-сынып Физика 1-тоқсан (КГБ) жауаптар

Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. а) Еріксіз электромагниттік тербеліс дегеніміз не?
[1]
ә) Тербелмелі контур … тұрады.
A. конденсатор мен резистордан
B. конденсатор мен шамнан
C. конденсатор мен индуктивті катушкадан
D. конденсатор мен вольтметрден
[1]
2. А. Тербелмелі контурда резонанс қандай жағдайда пайда болады?
A. сыртқы мәжбiрлеушi кернеудiң жиiлiгi меншікті жиiлiкке тең болғанда
B. сыртқы мәжбiрлеушi кернеудiң амплитудасы меншікті жиiлiкке тең болғанда
C. сыртқы мәжбiрлеушi кернеудiң фазасы меншікті жиiлiкке тең болғанда
D. сыртқы мәжбiрлеушi кернеудің периоды меншікті жиілікке тең болғанда
[1]
В. Резонанс құбылысы радиобайланыста қолданылады. Осы процесті сипаттап беріңіз.
[2]
3. Катушканың индуктивтілігін 4 есе азайтса, жүйенің меншікті жиілігі қалай өзгереді?
[3]
4. Төмендегі кестеде тербелмелі контурдағы процесс кезеңдері және электромагниттік
тербеліс пен механикалық тербеліс арасындағы ұқсастық көрсетілген. Әр кезеңдегі энергияны
есептеу формуласын жазыңыз
[3]

Открыть полную версию