Педагогическая копилка

БЖБ 11-сынып Физика, 3-тоқсан ЖМБ жауаптар «Салыстырмалы теорияның элементтері»

«Салыстырмалы теорияның элементтері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Физика» 11-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған

БЖБ 11-сынып Физика, 3-тоқсан ЖМБ жауаптар «Салыстырмалы теорияның элементтері»

«Салыстырмалы теорияның элементтері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 11.7.1.2 - Эйнштейн постулаттары мен Лоренц
түрлендірулерін есептер шығаруда қолдана отырып,
релятивистік эффектіні түсіндіру;
11.7.1.3 - зарядталған бөлшектердің үдеткіштерінің
жұмыс істеу принципін, оларда орын алатын
релятивистік эффектіні ескере отырып түсіндіру;
Бағалау критерийі Білім алушы
 релятивистік эффект салдарынан массаның өсу
үшін поезд қандай жылдамдықпен қозғалуы
қажет екендігін анықтайды;
 шапшаң қозғалатын бөлшектің өмір сүру
уақытының ұзақтығы неше есе артатындығын
анықтайды;
 зарядталған бөлшектердің үдеткіштерінің
жұмыс істеу принципіне сүйене отырып
сипаттайды және қозғалыстағы зарядталған
бөлшектің радиусы неліктен өзгеретіндігін
түсіндіреді;
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. Поезд массасы 3000 т. Массасы релятивистік эффект салдарынан 1 г-ға өсу үшін поезд
қандай жылдамдықпен қозғалуы қажет екендігін анықтаңыз.
[3]
2. Лабораториялық санақ жүйесінде 0.99 с жылдамдықпен қозғалатын тұрақты емес
бөлшектің өмір сүру уақытының ұзақтығы неше есе артады?
[2]
3. (а) Зарядталған бөлшектердің үдеткіштердегі қозғалысын сипаттаңыз.
..........................................................................................................................................................

[4]
(b) неліктен қозғалыстағы зарядталған бөлшектің радиусы өзгереді?

Жалпы балл: 12

Открыть полную версию