Название сайта

БЖБ 11-сынып Физика, 1-тоқсан ЖМБ жауаптар «Механикалық тербелістер»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Механикалық тербелістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Физика» 11-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған

БЖБ 11-сынып Физика, 1-тоқсан ЖМБ жауаптар «Механикалық тербелістер»

«Механикалық тербелістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 11.4.1.1 - эксперименттік, аналитикалық және графиктік
тәсілмен гармоникалық тербелісті (х(t), v(t), a(t)) зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 графиктік тәсілмен гармоникалық тербелістің (х(t),
v(t), a(t)) зерттеп, тербеліс амплитудасын,
периодын, жиілігін, бұрыштық жиілігін, максимал
үдеуін анықтайды;
 берілген тербеліс теңдеуін пайдалана отырып,
тербеліс амплитудасын, периодын, жиілігін,
бұрыштық жиілігін анықтайды, жылдамдықтыңуақытқа қатысты тәуелділік теңдеуін жазады және
графигін сызады;
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғарғы деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1. Суретте дене тербелісінің x(t) тәуелділік графигі көрсетілген.
Графикті пайдалана отырып келесі шамаларды анықтаңыз:
(а) тербеліс амплитудасын
[1]
(b) тербеліс периодын
[1]
(с) тербеліс жиілігін
[2]
(d) бұрыштық жиілігін
[2]
(е) x(t) тәуелді теңдеуін
[1]
(f) максимал үдеуін
[2]
2. Дене тербелісінің 𝑥 = 0.2𝑠𝑖𝑛2.5𝜋𝑡 тәуелділік теңдеуі берілген