Педагогическая копилка

БЖБ 11-сынып Информатика, 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «3D модельдеу»

«3D модельдеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Информатика» 11-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша мұғалімге жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін)  11-сыныптары «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
 

БЖБ 11-сынып Информатика, 2-тоқсан ҚГБ жауаптар «3D модельдеу»

«3D модельдеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 11.2.4.1 виртуалды және кеңейтілген шындықтың
мақсатын түсіндіру
11.2.4.3 бірінші тұлғадан көрінісі бар 3D панорама
(виртуалды саяхат) жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Виртуалды және кеңейтілген шындықтың
мақсатын айқындайды және салыстырады
 3D панорама жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырмалар
1. Суреттің виртуалды немесе кеңейтілген шындыққа тиісті екенін анықтаңыз.
_________________________________ _______________________________
2. Берілген мақсаттар виртуалды немесе кеңейтілген шындықтың қайсысына тиісті
екенін анықтаңыз. Жалауша(✔) белгісін қойыңыз.
Мақсаттар Виртуалды
шындық
Кеңейтілген
шындық
Ойын, бейне, 3D фильмдер және т.б. елестететін
шындықты жасау және жетілдіру
Шынайылықты айқын, сан қырлы және жарқын ету
Белгілі бір дағдыларға тәжірибе жасай алатын
шындық имитациясын жасай отырып адамдарға
белгілі бір оқиғаға дайындалу мүмкіндігін беру
3. Кез-келген қызмет саласын таңдап, сол салада виртуалды немесе кеңейтілген шындықты
пайдаланудың екі артықшылығын анықтаңыз.
Қызмет саласы __________________________________________________________________
(1)_____________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(2)_____________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________

Открыть полную версию