Название сайта

БЖБ 11-сынып Алгебра, 4-тоқсан ҚГБ жауаптар «Математикалық статистика элементтері»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Математикалық статистика элементтері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Алгебра 11-сынып 4-тоқсан 

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

БЖБ 11-сынып Алгебра, 4-тоқсан ҚГБ жауаптар «Математикалық статистика элементтері»

«Математикалық статистика элементтері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 11.2.2.2 Дискретті және аралық вариациялық
қатарларды құрастыру үшін таңдаманы өңдеу
11.2.2.3 Таңдама бойынша кездейсоқ шамалардың
сандық сипаттамаларын бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Дискретті және аралық вариациялық қатарды құруда
таңдаманы өңдейді
 Кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын
таңдама бойынша есептейді
 Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын
бағалайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
Калькулятор қолдануға рұқсат етіледі.
Тапсырмалар
1. 1140 адамның пазлды жинауға жұмсалған уақыты, t секундпен, төмендегі кестеде
берілген.
Уақыт
(t сек)
0 ≤ 𝑡 < 20 20 ≤ 𝑡 < 40 40 ≤ 𝑡 < 60 60 ≤ 𝑡 < 100 100 ≤ 𝑡 < 140
Адамдар
саны
320 280 220 220 100
а) Кестедегі мәліметті көрсететін гистограмманы торкөзге салыңыз.
b) Пазлды жинауға кеткен орташа уақытты жуықтап есептеп табыңыз.
2. Гистограммада бақшадағы жұлдызқұрттардың ұзындығы жайлы ақпарат көрсетілген.