Название сайта

БЖБ 11-сынып Геометрия, 2-тоқсан ЖМБ жауаптар «Кеңістіктегі түзу мен жазықтық теңдеулерінің қолданылуы»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Кеңістіктегі түзу мен жазықтық теңдеулерінің қолданылуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Геометрия 11-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып оқушыларына «Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім  ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың бөлім бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген

БЖБ 11-сынып Геометрия, 2-тоқсан ЖМБ жауаптар «Кеңістіктегі түзу мен жазықтық теңдеулерінің қолданылуы»

«Кеңістіктегі түзу мен жазықтық теңдеулерінің қолданылуы» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
Тақырып Кеңістіктегі нүктеден жазықтыққа дейінгі
арақашықтық.
Кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрышты, түзу мен
жазықтық арасындағы бұрышты табу.
Оқу мақсаты 11.4.1 Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтықты
табу формуласын білу және оны есептер
шығаруда қолдану
11.4.3 Координаталардағы түзулердің параллельдігі
мен перпендикулярлығы шартын есептер
шығаруда қолдану
11.4.5 Түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты табу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Нүктеден жазықтыққа дейінгі ара қашықтықты
есептейді
 Түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты
табады
 Түзулердің перпендикулярлық шартын
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Берілген БЖБ-да оқушыларға инженерлік калькулятор
қолдануға рұқсат етіледі.
Тапсырмалар
1. (2; –1; 4) нүктесінен 3x + 4z + 8 = 0 жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз.
2. {
𝑥 = 1 + 2𝜆
𝑦 = 𝜆
𝑧 = 1 − 3𝜆
түзуі мен 3𝑥 + 2𝑦 + 4𝑧 = 11 жазықтығының арасындағы бұрышты
табыңыз.
3. Екі түзудің теңдеулері берілген: {
𝑥 = 𝑎 + 4𝑠
𝑦 = 3 + 𝑎𝑠
𝑧 = −1 − 3𝑏𝑠
және {
𝑥 = 6 + 𝑏𝑡
𝑦 = 𝑏 + 5𝑎𝑡
𝑧 = 2 + 2𝑡
, мұндағы а және b
тұрақты сандар. Осы түзулер перпендикуляр екені белгілі. b-ны а арқылы өрнектеңіз