ТЖБ 11-сынып Геометрия 1-тоқсан (ЖМБ) жауаптар
«Геометрия» 11-сынып 1-тоқсандық жиынтық бағалау
(жаратылыстану-математика бағыты)
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Геометрия» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-11 сыныптар)
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын11тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
ТЖБ 11-сынып Геометрия 1-тоқсан (ЖМБ) жауаптар
Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«Геометрия» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Жазбасының ауданы 48 см2 болатын куб қырының ұзындығын табыңдар.
[2]
2. Тік призманың табаны катеттері 6 см және 8 см болатын тік бұрышты үшбұрыш.
Құрамында үшбұрыштың гипотенузасы бар бүйір жағының диагоналі 26 см тең.
(a) призманың биіктігін табыңыз;
[3]
(b) призманың бүйір бетінің ауданын табыңыз;
[2]
(c) призманың толық бетінің ауданын табыңыз.
[1]
3. Тік параллелепипедтің табаны – қабырғалары 5 см және 8 см және сүйір бұрышы 300
болатын параллелограмм. Параллелепипедтің толық бетінің ауданы 170 см2
.
Параллелепипедтің биіктігін табыңыз.
[4]
4. SABC пирамидасының бүйір қырлары өзара тең және олар табан жазықтығымен 600
бұрыш жасайды.
(a) SABC пирамидасының сызбасын салыңыз.
[1]
(b) S төбесінен түсірілген биіктіктің проекциясының табан жазықтығындағы
орналасуын анықтаңыз.
[1]
(c) Пирамиданың бүйір қырлары 8-ге тең, 𝐵𝐶 = 6 және табанындағы B төбесінен
түсірілген биіктік АС қабырғасын қақ бөледі. АС қабырғасының ұзындығын
табыңыз.
[6]