Название сайта

БЖБ 11-сынып Қазақ тілі, 2-тоқсан КГБ жауаптар «Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 11-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 11-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 11-сыныптары«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ 11-сынып Қазақ тілі, 2-тоқсан КГБ жауаптар «Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер»

«Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 11.1.2.1
11.1.6.1
мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі
(интервью) мақсатты аудиторияға арналған
терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды,
мәтін үзінділерін талдау
коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында
дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу,
шешен сөйлеу
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтін үзіндісіндегі (интервью) мақсатты аудиторияға
арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды
талдайды
Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында шешен
сөйлейді
Ойлау дағдыларының
Деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Тыңдалым мәтінін тыңдап, төмендегі кестені толтырыңыз.
Сілтеме:
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/308713-elimizden-shetelge-baryp-bilim-al-ysykeletin-zhastardy-sany-artyp-keledi
Елімізден шетелге барып білім алғысы келетін жастардың саны жыл сайын артып
келеді. Мектеп түлектері мен студенттер көбіне батыс, оның ішінде Еуропа мен Америка
Құрама Штаттарында білім алуды қалайды. Былтыр Қазақстаннан шетелге 42 мыңға жуық
адам қоныс аударған. Бұл Ұлттық экономика министірлігінің статистика жөніндегі
комитетінің мәліметі. Олардың көбі көршілес Ресей, Беларусь одан әрі Германия және
Америка Құрама Штаттарына кеткен. Түбегейлі қоныс аудармаса да Батыс елдерінде білім
алуға талпынған жастардың саны да артқан. АҚШ иммиграция және кеден қызметінің
келтірген деректері бойынша биыл наурыз айында Құрама Штаттарда оқып жүрген
қазақстандық студенттердің саны 2528-ге жетті. Студенттеріміздің 30 пайызы жоғарғы оқу
орындарында бакалавр дәрежесінде, 23 пайызы магистратурада және 8 пайызы
доктарантурада оқып жүр. Ал 16 пайызы тілдік курстарда, 11 пайызы орта кәсіптіктехникалық колледждерде дәріс алады. Кей студенттердің сөзінше, жастардың елден кетуіне
мұндағы білім жүйесінің әлсіздігі себеп.
Камила Мұқұшова, Джордж Мэйсон университетінің студенті:
- АҚШ-тың жоғарғы оқу орындарына түскен студенттердің көбі бірінші тоқсанда
қиналады. Мұндағы өмірге үйренгенше бірнеше ай керек. Сосын ақырындап төселіп кетеді.
Маған АҚШ-тағы білім беру жүйесі ұнайды, барлығы жоғары деңгейде. Бізбен салыстыруға
келмейді. Профессорлар құрамы керемет. Бұл жерде сапалы білім аласың. Жалпы