Педагогическая копилка

ТЖБ 11-сынып Қазақ тілі 1-тоқсан КГБ жауаптар

Қазақ тілі 11 сынып 1-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 11-11 сыныптар

Тапсырма түрлері:
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады:
біріншісі -тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын,
екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын,
үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

ТЖБ 11-сынып Қазақ тілі 1-тоқсан КГБ жауаптар

«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер
2. Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені,
автор көзқарасын ғаламдық мәселелермен байланыстырыңыз. Оқырман ретінде пікіріңізді
жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды
деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып,
пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
1-мәтін
Тұғырлы Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен
тайсалмауға тиіспіз. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа
ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін
Тәуелсіздік – ең қастерлі ұғым. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет
ретінде әлемге танылды. Еліміздің бірінші президенті – Елбасының
«Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің
ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткізген өз мемлекттілігін
құруға деген заңды құқығы. Бұл – даусыз және саяси фактіге ешкім күмән
келтірмеуі тиіс», – деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.
Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар
махаббат құрбаны болған, талай өзегі өкініштен өртенген жандар мен
қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті
Отанымыз – Қазақстан!
Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді
десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX
ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.
Тәуелсіздігімізді алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап,
кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында
ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде
әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап,
дипломатиялық қатынастар басталды.
Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған, қаншама
мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас
қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде.
Әр Қазақстанның азаматы айрықша күнін есте сақтады және онымен
мақтанады. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік
саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Қазақстан халқы үшін

Открыть полную версию