Педагогическая копилка

ТЖБ 11-сынып Қазақ тілі 4-тоқсан ЖМБ жауаптар

Қазақ тілі 11 сынып 4-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 11-11 сыныптар

Тапсырма түрлері:
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады:
біріншісі -тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын,
екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын,
үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

ТЖБ 11-сынып Қазақ тілі 4-тоқсан ЖМБ жауаптар

«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
5. Туризм: экотуризм. Шешендік сөздер
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің мақсатты аудиториясы кімдер? Автор олар үшін
қандай тілдік құрылымдар мен терминдерді қолданады? Түртіп алып, талдау жасауда
қолданыңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып,
дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2
сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді
білдіріңіз.
[10]
1-мәтін
Қазақстан – мәдениет пен тарихқа бай мемлекет, сол себептен де туризмнің бір бағыты
– экотуризм деуге болады. Қазақ тұрмыс-тіршілігіне, мәдениетіне, тарихына қызыққан
туристер Қазақстанның барлық аумағынан өзіне қажетті мағлұматтарды ала алады. Ең
маңызды көрікті, тарихи мекендердің бірі – Жамбыл облысында орналасқан Берқара
мемлекеттік қорықшасынан орын тепкен Берқара тау шатқалы. Шатқалда 504 қорған бар,
оның 4-еуі тарихшылардың айтуынша, сақ кезеңінен сақталып қалған. Осы Берқара жерінде
Шыңғысхан тұрақтаған делінеді. Алматы облысының маңында Жамбыл Жабаевқа арналған
мұражайлар бар. Ол жерде ақынның тұрған үйі, бақтар мен ұйымдастырушы бөлімшелері
бар. Мұнда Ж.Жабаевтың мавзолейі де орналасқан. Мұражай қызметкерлерінің
жанашырлықпен қызмет етуінің арқасында, үйді бәз баяғы қалпында сақтай алған,
бұйымдардың көпшілігі ақынның өзіне тиесілі. Бұл мұражай Жамбылдың өмірін ғана
бейнелеп қоймай, ақын өмір сүрген дәуірдің бет-пердесіндей. Қазақ халқының тұрмысын
бейнелейтін тарихи ескерткіштерден өзге этнографиялық саябақтар жұмыс істейді.
Солардың бірі – Астана қаласындағы «Қазақстан картасы – «Атамекен». «Атамекен» - ашық
аспан астындағы ерекше мұражай. Картада 14 облыс және екі қала – Алматы мен Астана
орналасқан. Туристердің назарына Қазақстанның табиғи-климаттық зоналары мен мемлекет
ландшафттар, тарихи ескерткіштер мен қалалардың назар аударарлық орындарының
макеттері қойылған. Этномемориалды комплекстің жалпы жер аумағы 1,7 гектар жерді алып
жатыр.
2-мәтін
Туризм саласындағы бизнестің бұл түрі Қазақстанда қалай дамып жатқандығы жөнінде
Орталық Азиядағы «Еуразия» қорының (ОАЕҚ) атқарушы директоры Ринат Темірбеков
әңгімелейді.
- Қазақстанда туризмді, оның ішінде экотуризмді дамытудағы проблемалар қандай?
Және бұл саланы көптеген шет елдерде сияқты мемлекеттің негізгі табыс көзіне
айналатындай деңгейге көтеру мүмкін бе?
- Туризм, оның ішінде экотуризм – табысы бірқатар факторлардың жиынтығына
тәуелді болып табылатын қызмет салалары. Әдетте, кез-келген шетелдік сапар үшін туристік
компаниядан сатып алынатын ең қарапайым туристік өнімнің ішіне визаны рәсімдеу және
демалу орнына дейін жеткізіп салу қызметтері, қонақ үйде тұру, тамақтану, көңіл көтеру
бағдарламалары мен түрлі қауіптерге қарсы сақтандырулар кіреді. Туристің алатын әсері
сапардың қауіпсіз болуына, қажетті қызметтерге оңай қолжетімділікке, көрсетілетін әр
қызметтің сапасына және баға мен сапаның ара қатынасының үйлесімдігіне байланысты
болады. Осы тұрғыдан біздің қазақстандық мүмкіндіктерге қарап көрейікші, онда тиісті
талаптарға сай емес сапасыз жолдарды, интернеттің әлі де жоғары тарифтерін және көптеген
осы сияқты кемшіліктерді көреміз. Сонымен қатар, қонақтарды күту үшін арнай

Открыть полную версию