ТЖБ 10-сынып Құқық негіздері 4-тоқсан КГБ жауаптар
Құқық негіздері 10 сынып 4-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.«Құқық негіздері» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (10-11 сыныптар)
КТБ -көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ –қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
Тест тапсырмаларынан білім алушыұсынылған жауап нұсқаларыныңдұрыс бір жауабын таңдайды.
Білім алушықысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
ТЖБ 10-сынып Құқық негіздері 4-тоқсан КГБ жауаптар
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Құқық негіздері» пәнінен IV тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың
тапсырмалары
1. Мәтінмен танысып азаматтық процестің негізгі міндеттері мен қағидаттарына байланысты
сұраққа жауап беріңіз.
Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері: азаматтардың, мемлекеттің және заңды
тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін
қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда
заңдылықты сақтау, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың
алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін
жүргізудің міндеттері болып табылады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің негізгі қағидаттары: сот төрелігін тек қана сот жүзеге
асыру; судьялардың ауыстырылмайтындығы, тағайындау және сайлау; сульялардың
тәуелсіздігі және олардың тек заңға бағынуы; азаматтар мен сот алдындағы теңдігі;
адамдардың ар-намысын құрметтеу; заңдылық; диспозитивтік; бәсекелестік; сот талқылаудың
тікелейлігі және қолданыстағы заңдарына сәйкестігі.
a) «Қазіргі таңда сот ісін жүргізудің міндеттері толық деңгейде жүзеге асырылып
жатыр»- cіз осы пікірмен қаншалықты келісесіз. Жауабыңызды нақты 2 мысал арқылы
дәлелдеп, талдау жасаңыз.
___________________________________________________________________________
[3]
b) Шетелдік сенімділік деңгейі төмен баспа құралдарында, “қазіргі сот ісін жүргізу
тәжірибесі көп жағдайда тараптардың теңсіздігі, судьялардың тәуелділігі және шектен
тыс тым саясилануы жағдайында өтеді”. Ал Қазақстанда мұндай үрдіс бар ма? Сіз бұл
пікірмен қаншалықты келісесіз/келіспейсіз. Екі жақты көзқарасыңызды жазып, дәлел
келтіріңіз.
___________________________________________________________________________
[3]
2. ҚР Азаматтық процестік кодексіне сәйкес кәмелет жасқа толмағандардың сот ісіне
қатысуының ерекшеліктерін анықтап, кестені толтырыңыз.
Жас ерекшелігі Сотта мүдделерін
қорғайды
Жауаптар
0-14 жас 1.
2
Ата-аналары;
Заңды өкілдері;
Прокурор;
Өзін-өзі қорғайды.
14-18 жас 1
2
[4]
3. Әкімшілік процесс ұғымы, міндеттері мен принциптерімен байланысты түсініктердің
анықтамасын жазыңыз.
Әкімшілік құқық Анықтамасы
1 Әкімшілік процесс ұғымы 1.
2 Әкімшілік құқық қағидаттары 2.
3 Әкімшілік процестің міндеттері 3.