БЖБ 10-сынып Қазақстан тарихы, 2-тоқсан жауаптар «Этникалық және әлеуметтік процестер»
«Этникалық және әлеуметтік процестер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қазақстан тарихы» 10-сынып 2-тоқсан
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ 10-сынып Қазақстан тарихы, 2-тоқсан жауаптар «Этникалық және әлеуметтік процестер»
«Этникалық және әлеуметтік процестер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тапсырма
1. Берілген терминдердің мағынасын сипаттап, оларға мысал келтіріңіз.
Термин Антропогенез Этногенез Этнос
Терминнің мағынасы
Мысал
2. Берілген ұғымдарды пайдаланып, қазақ ұлтының этникалық құрамын сипаттаңыз.
Ру Тайпа Жүз Ата-жұрт Атамекен