Название сайта

БЖБ 10-сынып Дүниежүзі тарихы, 1-тоқсан ҚГБ жауаптар «Өркениет: даму ерекшеліктері»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Дүниежүзі тарихы» 10-сынып 1-тоқсан 

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, йымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ 10-сынып Дүниежүзі тарихы, 1-тоқсан ҚГБ жауаптар «Өркениет: даму ерекшеліктері»

«Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Өркениеттің дәстүрлі (аграрлық)түрі: көшпелі және
отырықшы-егіншілік. Өркениеттің постиндустриалды даму
кезеңі. Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы.
Өркениеттер әрекеттестігінің әскери-саяси аясы
Оқу мақсаты 10.1.2.1 Өркениеттің дәстүрлі түрінің ерекшеліктерін
түсіндіру
10.1.2.5 Ақпараттық технологиялардың қазіргі өркениеттің
дамуына әсерін анықтау
10.1.3.6 Әлемдік діндердің даму кезеңдері мен
ерекшеліктерін сипаттау
10.1.4.7 Қазіргі өркениеттің даму контекстінде әскери
қақтығыстардың ерекшеліктері мен салдарларын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Өркениеттің дәстүрлі түрінің ерекшеліктерін
анықтайды
 Технологияның қоғам дамуына әсерін атап көрсетеді
 Әлемдік діндердің даму кезеңдері мен
ерекшеліктерін көрсетеді
 Қоғамдағы әскери қақтығыстардың ерекшеліктері
мен салдарларын ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Өркениеттің дәстүрлі түріне тән белгілерін кестеде толтырыңыз.
Қалыптаса бастаған кезеңі
Өндірістің негізгі факторы
Негізгі өндірілетін өнім
Өндірісіне тән сипаттамасы
2. Қазіргі өркениеттің дамуына ақпараттық технологиялардың әсерін көрсетіңіз.
Жағымды әсері Жағымсыз әсері
1
2
1
2
3. Әлемдік діндер туралы және олардың ерекшеліктеріне байланысты кестені толтырыңыз.
Әлемдік діндердің бірін таңдап, атауын жазыңыз
Таңдаған діннің негізін қалаған тұлғаның есімін жазыңыз
Қасиетті діни кітабының атауын жазыңыз
Әлемдік діннің ерекшеліктеріне қысқаша шолу жасаңыз
4. Дүниежүзілік соғыстардың салдарын жазыңыз