Название сайта

БЖБ 10-сынып География, 4-тоқсан ҚГБ жауаптар «Адамзаттың ғаламдық проблемалары»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Адамзаттың ғаламдық проблемалары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 10-сынып 4-тоқсан 

Әдістемелік ұсыныстар 10-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 10-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ 10-сынып География, 4-тоқсан ҚГБ жауаптар «Адамзаттың ғаламдық проблемалары»

«Адамзаттың ғаламдық проблемалары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Ғаламдық проблемалардың географиялық аспектілері
Оқу мақсаты 10.7.1.2 Ғаламдық проблемалардың критерийлерін
анықтау
10.7.1.4 Ғаламдық проблемалардың аумақтық кӛріністерін
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Ғаламдық проблемаларды критерийлер бойынша
сипаттайды
 Ғаламдық проблемалардың аумақтық кӛріністерін
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
1. Ғаламдық проблемаларының ішінен бірін таңдаңыз.
Адамзаттың ғаламдық проблемаларының тізімі
1. Ресурстар проблемасы
2. Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы
3. Энергетикалық проблема
4. Демографиялық проблема
5. Климаттың ӛзгеруі
6. Экологиялық проблемалар
7. «Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою
8. Қауіпті ауруларды жою
9. Әлемдік мұхит пен космосты игеру
10. Қылмыспен және терроризммен күрес
11. Наркобизнеспен күрес
a. Сіз таңдаған ғаламдық проблеманың ауқымдылығын түсіндіріңіз.
b. Сіз таңдаған ғаламдық проблеманың екі салдарын сипаттаңыз.
c.Сіз таңдаған ғаламдық проблеманың ықтимал үш шешу жолын ұсыныңыз.
2. Ғаламдық проблемалардың Қазақстанда орын алған кӛріністерін анықтаңыз.
a. Қазақстанда орын алған ғаламдық проблемаларды атаңыз.
b. Сіз атаған проблеманың ішінен бірін таңдап, ол Қазақстанның қай аймағын
қамтитынын сипаттаңыз.
c.Сіз таңдаған проблемаға қатысты әлем елдеріне арналған 3 пунктен тұратын үндеу
жазыңыз.