Название сайта

БЖБ 10-сынып География, 4-тоқсан ЖМБ жауаптар «Адамзаттың ғаламдық проблемалары»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Адамзаттың ғаламдық проблемалары»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 10-сынып 4-тоқсан (жаратылыстану-математикалық бағыт)

Әдістемелік ұсыныстар 10-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 10-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ 10-сынып География, 4-тоқсан ЖМБ жауаптар «Адамзаттың ғаламдық проблемалары»

«Адамзаттың ғаламдық проблемалары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Ғаламдық проблемалардың географиялық аспектілері
Оқу мақсаты 10.7.1.1Адамзаттың дамуындағы проблемаларын топтастыру
10.7.1.2 Ғаламдық проблемалардың критерийлерін анықтау
10.7.1.3 Ғаламдық проблемалардың себептері мен салдарын
анықтап, топтастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Адамзаттың дамуындағы проблемаларды жіктейді
 Ғаламдық проблемалардың критерийлерін анықтайды
 Ғаламдық проблемалардың себептері мен салдарын
топтастырады
Ойлаудағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Ғаламдық проблемаларға түсінік беріп, талдаңыз.
а.Проблемалардың ғаламдық деп аталу себебін түсіндіріңіз.
b.Ғаламдық проблемаларды топтастырып, сызбанұсқаны толықтырыңыз, әр топқа бір
мысалдан келтіріңіз.
Ғаламдық проблемалар
Әлеуметтік сипаттағы
Ашаршылық __________________ _________________
2. Берілген критерийлер бойынша бір ғаламдық проблеманы талдаңыз.
Ғаламдық проблемалар Ғаламдық проблемалардың
критерийлері (кӛрсеткіштері)
1. Бейбітшілікті сақтау
проблемасы
2. Экологиялық
3. Энергетикалық
4. Демографиялық
5. Дүниежүзілік мұхит
проблемасы
6. Дамушы елдердің артта қалу
7. Ғарышты бейбітшіліктік игеру
8. Шикізаттық
- Ауқымдылығы, бүкіл ғаламшарды
немесе кӛптеген елдерді қамтиды
- Мәселені шешу барлық елдердің
қатысуын қамтамасыз етеді
- Бір мемлекеттегі ғаламдық мәселе
бүкіл адамзатқа әсерін тигізеді
3. Ғаламдық проблемаларды пайда болу себептері мен салдарына қарай топтастырыңыз.
Ғаламдық проблемалар
1. Бейбітшілікті сақтау проблемасы
2. Экологиялық
3. Энергетикалық
4. Демографиялық
5. Дүниежүзілік мұхит проблемасы
6. Дамушы елдердің артта қалу
7. Ғарышты бейбітшіліктік игеру