БЖБ 10-сынып Химия 4-тоқсан ҚГБ жауаптар «Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру»
«Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Химия» 10-сынып 4-тоқсан
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
БЖБ 10-сынып Химия 4-тоқсан ҚГБ жауаптар «Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру»
10.4В «Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.2.3.9 Тұрмыста, техникада және ғылымда қолданылатын
маңызды құймалардың құрамын атау: шойын, болат,
жез, қола, мельхиор, дюралюминий
10.2.3.10 Шойын және болаттың алыну әдістерін және
қасиеттерін сипаттау
10.2.1.45 Күкірт қышқылын өнеркәсіптік өндірудің жанасу
процесін сипаттаужәне оның өнеркәсіп үшін мәнін білу
10.2.1.46 Аммиак және азот қышқылын өнеркәсіптік өндіру
әдістерін және оның өнімдерінің қолданылу саласын
сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
Тұрмыстық маңызды құймалардың құрамын және
қолдану аймағын анықтайды
Домна пешіндегі шойын алу әдістерін сипаттайды
Күкірт қышқылын өндірудің өнеркәсіптік процесін
сипаттайды және оның өнеркәсіп үшін мәнін түсіндіреді
Аммимак өндірудің өнеркәсіптік процесін сипаттайды
және оның өнеркәсіп үшін мәнін түсіндіреді
Азот қышқылын өндірудің өнеркәсіптік процесін
сипаттайды және оның өнеркәсіп үшін мәнін атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. (a) Құйма бейнеленген суретті таңдaңыз.
А В
(b) Құймалардың құрамына кіретін элементтерді табыңыз және қолданылуы бойынша
сәйкестендіріңіз.
Құйма құрамына
кіретін элементтер Құйма Қолданылуы
қола велосипед рамалары
тот баспайтын болат ескерткіштер
жез кеменің қондырғы бөлшектері
дюралюминий есік тұтқалары
қатты болат ыдыс аяқ