Название сайта

БЖБ 10-сынып Химия 4-тоқсан ҚГБ жауаптар «Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Химия» 10-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сынып «Химия» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 10-сыныпта жиынтық бағалау 1,1,3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

БЖБ 10-сынып Химия 4-тоқсан ҚГБ жауаптар «Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары»

10.4А «Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Оқу мақсаты 10.2.1.31 Атом құрылысы көзқарасы тұрғысынан периодта
және топта р-элементтердің қасиеттерінің өзгеру
заңдылықтарын түсіндіру
10.2.1.32 Алюминий оксиді және гидроксидінің екідайлы
қасиеттерін оқып білу
10.2.1.34 Көміртек, кремний және олардың қосылыстарының
физикалық, химиялық қасиеттерін оқып білу
10.4.1.10 Қышқыл жаңбырлардың қалыптасуындағы күкірт
диоксидінің ролін және оның қоршаған ортаға әсерін
түсіндіру
10.2.1.41 Топ бойынша галогендердің физикалық және
химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Атом құрылысы көзқарасы тұрғысынан периодта және
топта р-элементтердің қасиеттерінің өзгеру
заңдылықтарын анықтайды
 Алюминий қосылыстарының екідайлы қасиеттерін
дәлелдейді
 Көміртек, кремний және олардың қосылыстарының
физикалық, химиялық қасиеттерін сипаттайды
 Қышқылды жаңбырлардың қалыптасуындағы күкірт
диоксидінің ролін және оның қоршаған ортаға әсерін
түсіндіреді
 Топ бойынша галогендердің физикалық және
химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылығын
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындалу уақыты 20 минут